АРХИВ ҚҦЖАТТАРЫНДАҒЫ СҦЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ ҚУҒЫНДАЛУ ТАРИХЫ
36 20
Кілт сөздер:
Сұлтанбек Қожанов, саяси қуғын-сүргін, құпия қорларАңдатпа
Мақала кӛрнекті мемлекет және қоғам қайртакері, публицист Сұлтанбек Қожановтың саяси қуғын-сүргінге ұшырауына қатысты архив құжаттарын талдауға арналған. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы саяси қуғын-сүргін құрбантарын толық ақтауға қатысты Жарлығы осы тақырыптағы зерттеулерге тың серпіліс берген еді. Мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан ғылыми проблеманы жеке тұлғаға қатысты архив құжаттары негізінде талдау Отан тарихын ӛзектілендіруге үлес болып қосылады деп ойлаймыз. Зерттеудің мақсаты және міндеттері.Зерттеудің басты мақсаты С.Қожановтың саяси қуғын-сүргінге ұшырауының себептеріне архив құжаттары негізінде талдау жасау болып белгіленді. Осыған сәйкес архивтік құжаттармен археографиялық жұмыстар жүргізу; тың мәліметтерді ғылыми айналымға ұсыну; мәселені зерттеудің әдіс-тәсілдерін нақтылау; қайраткердің қуғындалу тарихын ғылыми қалпына келтіру міндеттері шешілуі тиіс. Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы. Мақалада С.Қожановтың тергеу хаттамаларын ғылыми айналымға ұсынуға байланысты методологиялық тұжырымдар мен зерттеу тәжірибелері бойынша жасалған қорытындылар осы бағыттағы ізденістерге бағдар бола алады деп ойлаймыз. Нәтижелер. С.Қожановтың архив қорларынан табылып, айналымға ұсынған құжаттарының мәліметтері ӛткен ғасырдың 30 жылдары ұлт қайраткерлеріне қатысты жүргізілген саяси репрессия тарихының мазмұнын толықтырады және зерттеу тәсілдерін жаңалайды.