ИНТЕГРАЛДЫҚ ГЕОМЕТРИЯНЫҢ САЛМАҚ ФУНКЦИЯСЫ БАР ЕСЕБІНІҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ-АЙЫРЫМДЫҚ АНАЛОГЫНЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҒЫ

137 155

Авторы

  • Г.Б. БАКАНОВ
  • С.К.МЕЛДЕБЕКОВА

Аннотация

Осы еңбекте кейбір регулярлық шарттарын қанағаттандыратын қисықтар үйірі үшін аралас типті теңдеу үшін айрымдық есебіне келтірілетін интегралдық геометрия есебі қарастырылады. Интегралдық геометрия есептерінің айрымдық аналогтарын зерттеудің өзіне тән күрделі тұстары бар, дербес туындылардың шектеулі-айырымдық аналогтары үшін негізгі қатынастар дискретті айнымалы бойынша белгілі бір ығысумен жүргізілуіне байланысты болады. Сондықтан, үзіліссіз қойылымда алынатын көптеген қатынастар дискретті аналогқа ауысқанда анағұрлым күрделі түрге ие болады,  және ығысу барысында туындайтын қосылғыштарға қатысты қосымша зерттеулерді талап етеді. Бұл есептердің жалпы жағдайда шешім бар болуының теоремасы болмағандықтан шартты корректілік ұғымы қолданылды, яғни интегралдық геометрия есебі мен оның дифференциалдық-айырымдық аналогының шешімі бар деп жорамалданады. Еңбекте алынған аралас типті теңдеу үшін шекаралық есептің айырымдық аналогының орнықтылық бағалауы геотомография, медициналық томография, дефектоскопия және т.б. есептерді  сандық шешу әдістерінің жинақтылығын негіздеуде қолданылады.

Загрузки

Опубликован

2022-06-30