Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін қазақстандық және шетелдік зерттеушілерге ғылыми мерзімді басылымдарды ұсынатын Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ақпараттық ресурсы
Журналдар
-
Ясауи университетінің хабаршысы
"Iasaýı ýnıversıtetіnіń habarshysy" журналы Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінде1996 жылғы 8 қазанда тіркеліп, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қайта тіркеуден өтіп, N232-Ж куәлігі берілген. Шығу жиілігі: 3 айда 1 рет. МББ тілі: қазақша, түрікше, орысша, ағылшынша. Индекс № 75637. Журнал 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Париж қаласындағы ISSN (International Standard Serial Number) орталығында тіркелген. ISSN 2306-7365 (print), e-ISSN 2664-0686 (online).
-
Q.A.Iasaýı atyndaǵy Halyqaralyq qazaq-túrіk ýnıversıtetіnіń habarlary
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хабарлары (математика, физика, информатика сериясы) журналы 2017 жылдан бастап жылына 4 рет жарыққа шығады. Журналға Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі, байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою туралы куәлігі №15721-Ж (04.12.2015ж.) алынды. Журнал 2016 жылғы мамыр айынан бастап Париж қаласындағы халықаралық ISSN орталығында тіркелген (ISSN 2524-0080).
-
Turkology
2002 жылы 9-12 қазан аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен дәстүрлі І халықаралық Түркология конгресінде қазіргі заманғы түркология ғылымының өзекті мәселелерін жариялау мақсатында «Түркология» журналын жүйелі түрде шығарып тұру туралы қарар қабылданды. Журнал сол уақыттан бастап тұрақты түрде екі айда 1 рет (жылына 6 рет) басылып шыға бастады (№3200-Ж. 07.09.2002). 2003 жылғы мамыр айынан Париж қаласындағы халықаралық ISSN орталығында (ISSN 1727-060Х), ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің мерзімді баспасөз басылымы және ақпараттық агенттігінде (Куәлік № 55-97-Ж 18.ІІ.2005 ж.), 2019 ж. 15 маусымда Халықаралық сериялық басылымдарды тіркеу орталығында (ISSN:2664-3162 (online)) тіркелген.
2021 жылғы қаңтардан бастап жылына 4 (төрт) рет жарық көретін «Түркология» журналы наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан айларының соңына дейін жарияланып, электронды нұсқасы журналдың сайтына енгізіледі.
Жазылу индексі №75706. «Қазпошта» АҚ-мен №10000041-2020-90539 келісім-шарт түзілген.
-
International Journal of Environmental Science and Green Technology
International Journal of Environmental Science and Green Technology (IJES & GreenTech) – Ахмет Ясауи университетінің Экология ғылыми-зерттеу институты басып шығаратын екі рет соқыр рецензияланатын, халықаралық журнал.
Журнал Экология, Қоршаған орта химиясы, Қоршаған ортаны қорғау инженериясы, Қалдықтарды басқару және кәдеге жарату және жаңартылатын энергия, Тұрақты даму және қоршаған орта бағытында жылына 4 санын (наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан) шығарады.