Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін қазақстандық және шетелдік зерттеушілерге ғылыми мерзімді басылымдарды ұсынатын Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ақпараттық ресурсы
Журналдар
-
Turkic historical studies (pISSN: 3007-6358 / eISSN: 3007-6366)
Журнал «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылғы 3 мамырда тіркеліп, «Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы» № KZ12VPY00092351 куәлігі берілген.
Шығу жиілігі: 3 айда 1 рет.
МББ тілі: қазақша, ағылшынша, орысша, түрікше.
Таралу аумағы: Қазақстан Республикасы, алыс және жақын шетел.
-
Hikmet
Журнал «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылғы 17 маусымда тіркеліп, «Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы» №KZ55VPY00094972 куәлігі берілген.
Шығу жиілігі: 3 айда 1 рет.
МББ тілі: қазақша, ағылшынша, орысша, түрікше.
Таралу аумағы: Қазақстан Республикасы, алыс және жақын шетел.
-
Yassawi Journal of Health Sciences
«Yassawi Journal of Health Sciences» ғылыми зерттеулер журналының жұмысы 2025 жылдан басталды. Журналдың негізін қалаушы және баспагері - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. 2025 жылдың 7 ақпанында «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінде тіркеліп, № KZ95VPY00111809 куәлігі берілген.
2025 жылдан бастап журнал Париждегі ISSN орталығында (Халықаралық стандартты сериялық нөмір) тіркелді: ISSN 3080-8707, e-ISSN 3080-8715.
Журналдың мерзімділігі: жылына 3 рет (әр 4 айда). -
International Journal of Environmental Science and Green Technology
International Journal of Environmental Science and Green Technology (IJES & GreenTech) – Ахмет Ясауи университетінің Экология ғылыми-зерттеу институты басып шығаратын екі рет соқыр рецензияланатын, халықаралық журнал.
Журнал Экология, Қоршаған орта химиясы, Қоршаған ортаны қорғау инженериясы, Қалдықтарды басқару және кәдеге жарату және жаңартылатын энергия, Тұрақты даму және қоршаған орта бағытында жылына 4 санын (наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан) шығарады.
-
Ясауи университетінің хабаршысы [Архив]
"Iasaýı ýnıversıtetіnіń habarshysy" журналы Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінде1996 жылғы 8 қазанда тіркеліп, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қайта тіркеуден өтіп, N232-Ж куәлігі берілген. Шығу жиілігі: 3 айда 1 рет. МББ тілі: қазақша, түрікше, орысша, ағылшынша. Индекс № 75637. Журнал 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Париж қаласындағы ISSN (International Standard Serial Number) орталығында тіркелген. ISSN 2306-7365 (print), e-ISSN 2664-0686 (online).
-
Q.A.Iasaýı atyndaǵy Halyqaralyq qazaq-túrіk ýnıversıtetіnіń habarlary [Архив]
«Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хабарлары (математика, физика, информатика сериясы)» журналы университеттің құрылтайшылығымен ашылып, Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі, байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттікті есепке қою туралы куәлігі №15721-Ж (04.12.2015ж.) алынды. Журнал 2016 жылғы мамыр айынан бастап Париж қаласындағы халықаралық ISSN орталығында тіркелген (ISSN 2524-0080).
Журналдың мерзімділігі: жылына 4 рет шығарылады.
Әр мақалаға DOI – объектінің цифрлық сәйкестендіргіші беріледі, ол электрондық құжаттарға сілтеме жасауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
Журналдың редакциялық алқа құрамында қазақстандық және шетелдік ғалымдар бар.
Журналға ғылыми мақалалар Қазақстан, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, сондай-ақ басқа да шетелдердегі барлық ұйымдардан төрт тілде (қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдерінде) қабылданады. Мақала журнал сайтында толық мәтінде 4 тілде орналастырылады.
Журналдың тақырыптық бағыты –математика, физика және информатика салаларындағы тек ғылыми бағыттағы зерттеулер нәтижелерін жариялайды.