Dergi Hakkında
International Journal of Environmental Science and Green Technology (IJES & GreenTech) – Ахмет Ясауи университетінің Экология ғылыми-зерттеу институты басып шығаратын екі рет соқыр рецензияланатын, халықаралық журнал.
Журнал Экология, Қоршаған орта химиясы, Қоршаған ортаны қорғау инженериясы, Қалдықтарды басқару және кәдеге жарату және жаңартылатын энергия, Тұрақты даму және қоршаған орта бағытында жылына 4 санын (наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан) шығарады.
Журналдың тақырыптық бағыттары бойынша ғылыми негізделген зерттеу жұмыстарының нәтижелері арқау болған ғылыми мақалалар және осы бағыттағы әлемдік деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасайтын мақалалар жарияланады.
Мақалалар тек электронды түрде жарияланады. Журнал ашық қолжетімділік саясатын қабылдады.
Отандық және шетелдік ғалымдар өз еңбектерін ұсыну арқылы журналымызға өз үлестерін қоса алады.