Жастар және әлеуметтік-мәдени құндылықтар: қазіргі заманғы үрдістер мен өзгерістер

17 14

Авторлар

  • Талғат Тұмашбай Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Назира Танкиш Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

жастар, әлеуметтік топ, құндылықтар, өмірлік және идеялық трендтер, әлеуметтік деректер, мінез-құлық, қоғамдық пікір.

Аңдатпа

Мақалада жастардың көзақарастары мен құндылықтарын әлеуметтік-философиялық талдау аспектілері қарастырылды. Жастар әлеуметтік топ ретінде қоғамдардың даму индексін анықтаушы барометр ретінде зерттелді. Мақала тақырыбының өзектілігін жастардың қоғамдық өзгерістің субъектісі және мемлекеттік саясаттың объектісі ретінде зерттеу құрайды. Жастар жаңа ұрпақ мағынасында өзіндік ерекшелікті құндылықтарға ие жасампаздық іс-әрекеттілік субъектісі болып табылады. Мақалада жастардың қоғамдық мінез-құлығындағы өзгерістерді әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерімен салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Жастардың вок мәдениетін қалыптастырудағы ролі, қазіргі заманғы жастық трендтердің түрлері қарастырылды. Қазіргі қазақстандық қоғамдағы жастардың трендтері мен Шығыс Европа елдеріндегі жастардың дүниетанымындағы түйсіктердің екі түрлі сипаттарға ие екендігі анықталды. Мемлекеттік саясаттың жастар мәселесіндегі түйткілді нәрсе, ол ешандай әлеуметтік – саяси үдерістерге араласқысы келмейтін NEET – жастар контингентінің қоғамдық пікірлері зерттелді. Антропологиялық көзқарасқа сәйкес жастар жаңа ұрпақ, әлеуметтік индивид ретінде эмпирикалық және трансценденталды субъект болып саналады. Бұл жастардың ұрпақтық сабақтастықта жаңа құндылықтарға ізденісімен сипатталғанымен, олардың қоғамдық практикаларының әлсіздігі салдарынан дайын ойлау түрлерін тұтынушылық пайыммен қолданысқа енгізуін білдіреді. Дегенмен жастар әлеуметтік топ ретінде руханилық ізденістегі әлеуметтік субъект ретінде орнығады.  Жастардың қоғамдық мінез-құлығына позитивтілік тән және олардың басым бөлігі білімдерді, құндылықтарды трансценденталды формаларды конструкциялау қабілеттеріне ие.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Журналдың саны

Бөлім

философия