Қазақ мәдениетіндегі дәстүрлі рәсімдердің діни-философиялық мәні
52 17
DOI:
https://doi.org/10.47526/3007-8598.6525Кілт сөздер:
қазақ мәдениеті, дәстүрлі рәсімдер, ырымдар, тыйымдар, дін, мифология, символ.Аңдатпа
Мақалада қазақ халқының рухани мәдениетінде маңызды орын алатын дәстүрлі рәсімдер, халықтық ырымдар мен тыйымдар діни-философиялық тұрғыдан қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаттарының бірі – ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқының ішінде өмі сүріп келе жатқан мәдени құбылыстардың шығу негіздерін, символдық мағыналарын, діни мазмұнын және қоғамдық қызметтерін анықтау. Зерттеу барысында «ырым» және «тыйым» ұғымдарының мәні мен өзара байланысы талданып олардың мифологиялық дүниетаным мен исламға дейінгі наным-сенімдермен және исламдық құндылықтармен қоса сабақтастығы сараланады. Сонымен қатар жүкті әйелге қатысты дәстүрлер, бала туу, нәрестені тәрбиелеу, көз тиюден қорғау және ат қою сияқты адам өмірінің әртүрлі кезеңдеріне байланысты дәстүрлі тәжірибелер нақты мысалдар негізінде талданады. Халықтық ырымдар мен тыйымдардың өткеннен жеткен мәдени тәжірибе ғана емес, әдеп, тәрбие, қоғамдық бірлік, киелілік түсінігі және адам мен табиғат арасындағы байланысты бейнелейтін дүниетанымдық жүйе екені көрсетіледі. Зерттеу нәтижесінде дәстүрлі рәсімдердің қазақ қоғамының діни-философиялық ойлау жүйесінің қалыптасуына ықпал еткені, адамдардың күнделікті мінез-құлқын реттеуге қызмет еткені және ұлттық мәдени жадтың сақталып, кейінгі ұрпаққа жеткізілуіне маңызды үлес қосқаны тұжырымдалады.