Гегельдің рух философиясындағы адам рухы мен діннің арақатынасы

21 6

Авторлар

  • Тұрғанбай Абдрасилов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0002-2892-9028

DOI:

https://doi.org/10.47526/3007-8598.6462

Кілт сөздер:

Гегель, рух философиясы, адам рухы, дін философиясы, субъективті рух, абсолютті рух, еркіндік

Аңдатпа

Мақалада Г. В. Ф. Гегельдің рух философиясы аясындағы адам рухы мен діннің арақатынасы дін философиясы тұрғысынан зерттеледі. Зерттеудің мақсаты – адамның рухани болмысын түсіндірудегі рух ұғымының негіз құраушы қызметін айқындау және діннің рухтың өзін-өзі тану үдерісіндегі орнын анықтау. Осы мақсатта рух ұғымының Антикалық Грекия ойынан жаңа дәуір философиясы мен неміс идеализміне дейінгі тарихи өзгерісі негізгі бағыттары бойынша қарастырылды. Сократтың өзін-өзі тану қағидасы, Платонның жан туралы ілімі, Р. Декарттың ойлаушы субстанция тұжырымдамасы, Б. Спинозаның сана жөніндегі көзқарасы және Гегельдің рух  теориясы  салыстырмалы  түрде  талданды.  Гегельдің  субъективті  рух,  объективті  рух  және абсолютті рух туралы ілімі негізінде жеке сананың өзін тануы, еркіндіктің қоғамдық-тарихи формаларда жүзеге асуы және рухтың өнер, дін мен философияда абсолютті деңгейде өзіне қайта оралуы түсіндіріледі. Зерттеуде тарихи-философиялық талдау, салыстырмалы әдіс және герменевтикалық түсіндіру тәсілі қолданылды. Талдау нәтижелері Гегель философиясында адам рухының психологиялық немесе биологиялық үдерістермен ғана шектелмейтінін, оның жеке сана, қоғамдық институттар, тарих және рухани мәдениет арқылы дамитын тұтас шындық ретінде қарастырылатынын көрсетті. Дін абсолютті рухтың өзін бейнелік-елестету формасында тануының негізгі көріністерінің бірі ретінде адамның өзін абсолютпен байланыста ұғынуына мүмкіндік береді. Қорытындысында Гегельдің рух философиясы адамның рухани болмысы мен дін арасындағы байланысты түсіндіруде қазіргі дін философиясы үшін маңызды ұғымдық және әдіснамалық мүмкіндіктер ұсынатыны тұжырымдалды.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

философия