Е. Э. Бертельс еңбектеріндегі сопылық ілімге ғылыми-философиялық талдау
27 8
DOI:
https://doi.org/10.47526/3007-8598.6265Кілт сөздер:
суфизм, Құран, хадистер, шығыс халықтары, ғазалдар, одалар, төрттағандар, аскетизмАңдатпа
Бұл мақала белгілі шығыстанушы әрі исламтанушы Евгений Эдуардович Бертельс еңбектері негізінде сопылық ілімнің доктриналық қырларын ғылыми-философиялық тұрғыдан жан-жақты талдауға арналған. Зерттеу барысында сопылықтың тарихи қалыптасу кезеңдері, теориялық негіздері, рухани құндылықтары және исламдық интеллектуалдық дәстүрдегі орны кеңінен қарастырылады. Сонымен қатар мақалада сопылық ілімнің шығу тегі, оның ішкі мәні мен мазмұны, сондай-ақ әртүрлі мәдени және философиялық бағыттардың сопылық ойдың дамуына тигізген ықпалы терең талданады. Автор батыс және шығыс ғалымдарының сопылыққа қатысты зерттеулерін салыстырмалы түрде қарастырып, бұл тақырыпқа байланысты ғылыми көзқарастардың сан алуандығын көрсетеді. Мақалада сопылықты тек ислам өркениетінің өзге мәдениеттермен және өркениеттермен байланысы нәтижесінде пайда болған сыртқы ықпалдар арқылы ғана түсіндіру жеткіліксіз екендігі атап өтіледі. Бертельстің пікірінше, сопылықтың табиғатын терең түсіну үшін оның тарихи және философиялық қырларымен қатар рухани мазмұнын, мистикалық тәжірибесін және діни тәжірибелік негіздерін де ескеру қажет. Зерттеу нәтижесінде сопылық ілімнің күрделі табиғатын, оның доктриналық ерекшеліктерін және ислам мәдениеті мен әлемдік философиялық ойдағы рухани мұрасының байлығын ашып көрсету тек кешенді әрі көпқырлы ғылыми тәсіл арқылы мүмкін болатындығы тұжырымдалады.



