6 ақпан Кахраманмараш жер сілкіністерін бастан өткерген университет студенттері арасындағы Құдай ұғымына қатысты метафоралық зерттеу
39 33
Кілт сөздер:
Дін психологиясы, Құдай бейнеcі, Табиғи апат, 6 ақпан Кахраманмараш жер сілкіністері, МетафораАңдатпа
2023 жылғы 6 ақпанда Қахраманмараш орталығында болып, 11 аймақты қамтыған жойқын жер сілкінісін бастан өткерген университет студенттерінің Құдай туралы түсініктерін метафоралар арқылы талдауға бағытталған бұл зерттеу табиғи апаттан кейінгі мағына әлемінің қайта құрылу үдерісін айқындауды мақсат етеді. Зерттеудің негізгі өзегі – студенттердің осындай ауыр сынақ жағдайында Құдайды қалай қабылдап, қалай позициялағанын анықтау. Зерттеу сапалық әдіснама аясында феноменологиялық тәсіл негізінде жүргізілді. Қатысушылардың санасында Құдай түсінігін анықтау үшін жартылай құрылымданған метафоралық қабылдау формасы қолданылды. Килис 7 Аралык университетінде білім алып жүрген және жер сілкінісін тікелей бастан өткерген 47 студенттен жиналған деректер мазмұндық және сипаттамалық талдау әдістері арқылы өңделді. Талдау нәтижесінде төрт негізгі категория анықталды. Ең көп метафора «Күш бейнесі» категориясында шоғырланып, адамның дәрменсіздік сезімі жағдайында Құдай құдіретіне сүйену қажеттігін көрсетеді. Одан кейін «Қорғаушы және Жол көрсетуші» мен «Махаббат» бейнелері Құдайдың рухани пана және ішкі сауығуға себеп болатын күш ретінде қабылданатынын аңғартады. Ал «Беймәлімдік бейнесі» Құдайдың трансцендентті әрі сипаттауға келмейтін қырын білдіреді. Зерттеу нәтижелері студенттердің жалпы жағымды Құдай түсінігіне ие екенін және бұл түсініктің оларға сенім, сабыр және психологиялық тірек бергенін көрсетеді.



