Әл-Хорезмидің «Манақиб Әбу Ханифа» еңбегінің мәні

41 22

Авторлар

Кілт сөздер:

Әбу Ханифа, манакиб, әл-Хорезми, ислам ғылымдары, фиқһ, Орталық Азия, Мәуереннаһр, Ханафи мазхабы

Аңдатпа

Мұсылман әлемінде Әбу Ханифа тұлғасына деген қызығушылықтың тамыры тереңде жатыр. Нұғман ибн Сабит Әбу Ханифаның өмірі мен қызметі жан-жақты зерттелген және бұл үрдіс бүгінгі күні де  жалғасуда. Тәуелсіз  Өзбекстанда да, Шығыс пен Батыс елдеріндегідей, оның өмірі мен мұрасын объективті тұрғыда зерделеу жолға қойылған. Бұл ғылыми зерттеу Әбу Ханифаға арналған манақиб (хагиографиялық, яғни әулиелер өмірін баяндайтын жанр) жанрында жазылған еңбектерді талдауға бағытталған. Аталған еңбектерде манақиб авторлары Әбу Ханифаның тұлғасын әр қырынан сипаттай отырып, оның фиқһ (ислам құқығы) ғылымына біртіндеп қалыптасу жолын егжей-тегжейлі баяндайды. «Манақиб Әбу Ханифа» еңбектерін Орталық Азиядағы руханият тарихына қатысты маңызды ғылыми мұра деп бағалауға болады. Бұл шығармаларда өз өлкемізден шыққан, ислам ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосқан көптеген ғалымдар туралы құнды деректер қамтылған. Сонымен қатар, бұл еңбектердегі риуаяттар Орталық Азияда Имам Әбу Ханифа мен ханафилік дәстүрге деген жоғары құрметтің кең тарағанын көрсетеді. Аталған ғылыми мақала Әбу Ханифа туралы хагиографиялық жанрда жазылған Әбу-л-Муайяд әл-Хорезмидің «Манакиб Әбу Ханифа» атты еңбегіне талдау жасауға арналған.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Журналдың саны

Бөлім

дінтану