FELSEFİ DÜŞÜNCE BAKIŞ AÇISINDAN Философиялық ойлау тұрғысынан хариджиліктегі саясат пен зорлық мәселесі

19 23

Авторлар

  • Саян Шылмамбетов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

Хариджилік, Ислам, философия, саясат, зорлық-зомбылық

Аңдатпа

Мақалада хариджиліктегі саяси ұстаным мен зорлық мәселесі ислам өркениетіндегі діни-саяси феномен ретінде тек тарихи оқиға тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге дін мен саясат арасындағы өзара ықпалдастықты және олардың күрделі қатынастарын зерделеуге мүмкіндік беретін философиялық құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл ағымның діни пайымдары, әсіресе радикалды тармақтарының Құран мәтіндерін өз ұстанымдарына сәйкес интерпретациялауы дәстүрлі діни қағидалардың шегінен шығып, әділет, еркіндік және моральдық жауапкершілік ұғымдарына қатысты терең философиялық сауалдар тудырады. Хариджилердің қатаң принципшілдігі мен шектен тыс әділдікке ұмтылысы дін мен саяси билік арақатынасына, азаматтық жауапкершілік пен биліктің заңдылығы мәселелеріне айрықша назар аударады. Сонымен қатар, олардың зорлық-зомбылыққа жүгінуі философиялық-этикалық іргетастарды қайта қарастыру қажеттігін алға тартады. Бұл құбылыс билікке қарсылық пен қоғамдық тәртіптің шектері жөніндегі сұрақтарды философиялық тұрғыдан қайта пайымдауға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда хариджилік қозғалыс дін мен саясат, әділет пен билік, жеке жауапкершілік пен қоғам арасындағы тепе-теңдікті іздеудің үздіксіз көрінісі ретінде қарастырылады. Мақалада сондай-ақ хариджилердің діни мәтіндерді түсіндіруінен туындаған философиялық түйткілдер, олардың саяси идеологиясы мен әрекеттеріндегі этикалық қайшылықтар және зорлық-зомбылыққа бейімділіктің себептері кешенді түрде талданады. Дін мен саясат арасындағы байланысты философиялық тұрғыдан талдау арқылы зерттеу хариджилік қозғалыстың күрделі табиғатын және ислам өркениеті аясындағы тарихи-философиялық маңызын терең түсінуге жол ашады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

философия