Османлы мемлекеттік архивіндегі Ахмет Ясауи және Ясауилік: Сейид Ахмет Ясауи ұрпағы Шейх Зеңгінің қажылық сапары
0 0
Кілт сөздер:
Түркістан, Бұхара, Ахмет Ясауи, Шейх Зеңгі, Османлы мемлекеті, Түркістан қажыларыАңдатпа
Мақалада Османлы мемлекетінің архивінде сақталған маңызды тарихи құжат талданады. Бұл құжатта Түркістан өңірінен шыққан қажылардың Стамбұлға келіп, одан әрі Мекке мен Мәдинаға қажылық сапарын жалғастырғаны баяндалады. XVI ғасырдан бастап қасиетті қалалардың Османлы мемлекетінің билігіне өтуі Орта Азия мұсылмандарының қажылық жолына елеулі ықпал еткен. Сафауидтер мемлекеті мен Ресей империясының саяси үстемдігі салдарынан Түркістандық қажылар дәстүрлі бағытты пайдалана алмай, сапарларын ұзартып, Стамбұл арқылы өтуді әдетке айналдырған. Құжатта Ахмет Ясауидің ұрпақтарының бірі – Шейх Зеңгінің Стамбұлға келіп, Осман сұлтанына қажылық ниетін хабарлағаны айтылады. Осыдан кейін сұлтан Шам (Дамаск) уәлиіне Шейх Зеңгі мен оның қасындағыларға ерекше қамқорлық көрсету туралы бұйрық берген. Сонымен қатар, Бұхарадан шыққан Түркістан қажыларының сапары, олардың арасында Шейх Зеңгінің және оның дәруіштерінің болғаны нақты көрсетіледі. Құжатта қажылардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларға зиян келтірмеу үшін арнайы шаралар қабылдау, жолға қажетті жағдай жасау және жолбасшылармен қамтамасыз ету мәселелері егжей-тегжейлі жазылған. Бұл деректер Османлы мемлекетінің Түркістаннан келген қажыларға, әсіресе Ахмет Ясауи әулетіне айрықша құрметпен қарағанын дәлелдейді. Зерттеу нәтижесі Ахмет Ясауи ұрпақтары мен дәруіштерінің Османлы билік өкілдеріне жақсы таныс болғанын және олардың Османлы мемлекеті аясында саяси әрі рухани қолдауға ие болғанын көрсетеді.