Әбу Хафс Насәфи және оның «Китаб әл-Канд» еңбегі: Самарқандта хадис ілімінің қалыптасуына қосқан үлесі
12 19
Кілт сөздер:
Абу Хафс Насафи, Китаб әл-Канд, хадис ілімі, жарх және тадил, Самарқанд, қолжазбаАңдатпа
Мақалада VIII–XII ғасырлардағы Мауераннахрдағы хадис ілімінің ең маңызды дереккөздерінің бірі болып саналатын Әбу Хафс Насафидің «Китаб әл-Канд» атты бірегей шығармасының қолжазба тарихы мен зерттеу тәсілдері қарастырылады. Зерттеуде әртүрлі қолжазба нұсқалары талданады, авторлық, құрылымдық және мазмұндық мәселелерге қатысты негізгі ғылыми қателіктер мен соңғы жаңалықтар анықталады. Ерекше назар стамбұлдық және париждік нұсқаларды салыстыру, ғылыми пікірталастар мен қолжазбалардың сыни басылымына қатысты мәселелерге аударылған. Автор бұл еңбектің Самарқанд және жалпы өңірдің рухани атмосферасын қайта қалпына келтірудегі, сондай-ақ биографиялық дәстүр мен хадистерді жеткізудегі рөліне тоқталады. Мақалада заманауи зерттеулерді қоса алғанда, кең ауқымды дереккөздерге сүйене отырып, мәтінді ғылыми жариялаудың оңтайлы жолдары жөнінде авторлық қорытындылар ұсынылған. Сонымен қатар мақалада аймақтық және шетелдік жинақтарда сақталған «Китаб әл-Канд» шығармасының аз зерттелген қолжазба нұсқаларын әрі қарай зерделеудің қажеттілігі атап өтіледі. Алынған нәтижелер Мауараннахрдағы хадис ілімінің дамуын және оның ислам әлемінің зияткерлік орталықтарымен байланысын тереңірек түсінуге ықпал етуі мүмкін. Қорытынды бөлімде қолжазбаны ислам мәдениетінің ескерткіші әрі Орталық Азияның әлеуметтік, зияткерлік және діни тарихының қайнар көзі ретінде кешенді зерттеудің маңыздылығы атап көрсетіледі.