Қазақтың дәстүрлі тағам мәдениеті және ислами нутрициология қағидаттарымен интеграциясы

17 10

Авторлар

  • Әсем Алпысбай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Мира Балтымова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

қазақ тағамдары, ислами нутрициология, халал тағам, тамақтану мәдениеті, ислам диетологиясы

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ халқының дәстүрлі тағам мәдениеті мен исламдық нутрициология қағидаттарының өзара байланысы және олардың бір-біріне ықпалы кешенді түрде қарастырылады. Қазақтың тағамдық дәстүрлері ғасырлар бойы қалыптасып, халықтың көшпелі өмір салты мен табиғи-географиялық ерекшеліктеріне бейімделген. Ұлттық тағамдардың негізін ет, сүт өнімдері, дәнді дақылдар және табиғи сусындар құрайды. Қазақ халқының тағамдық әдет-ғұрыптары экологиялық таза өнімдерді пайдалануға, тағамдарды ұзақ сақтаудың дәстүрлі әдістеріне және ас мәзірін маусымдық ерекшеліктерге сай қалыптастыруға бағытталған. Ислам дінінің таралуы қазақтың тағам мәдениетіне айтарлықтай ықпал етіп, халал стандарттарының қалыптасуына негіз болды. Мұсылмандық талаптарға сәйкес, қазақ халқының дәстүрлі тағамдары доңыз етін, спиртті ішімдіктерді пайдаланбауымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, мал сою әдістері мен тамақтану әдебі де шариғат талаптарына сай орындалған. Қазақ тағамдарының көптеген түрлері адамның ас қорыту жүйесін жақсартады, иммунитетті нығайтады және ағзаға қажетті дәрумендер мен минералдарды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, зерттеуде мал өнімдерін сақтау және өңдеу әдістерінің шариғат талаптарына сәйкестігі қарастырылып, олардың қауіпсіздік және сапа тұрғысынан исламдық стандарттарға толық сәйкес келетіні дәлелденді. Бұл зерттеу қазақ тағамдарының шариғат талаптарына сәйкестігін ғылыми тұрғыдан негіздеуге бағытталған және олардың халықаралық деңгейде мойындалуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-12

Журналдың саны

Бөлім

дінтану