Матуриди ілімінің ерекшеліктері және оның қазақ мәдениетіне әсері
81 44
Кілт сөздер:
Кілт сөздер: Матуриди, теология, ақыл мен нақыл, қазақ мәдениеті, құранды түсіндіруАңдатпа
Мақалада Матуриди теологиясының ерекшеліктері және оның қазақ мәдениетіне ықпалы жан-жақты талданған. Матуридидің интеллектуалдық мұрасы, әсіресе ақыл мен нақылдың үйлесімділігі туралы ілімі, ислам теологиясын түсінуге жаңа көзқарас ұсынады. Бұл ілім философия, сенім және іс-әрекет арасындағы терең байланысты ашып көрсетеді. Матуридидің ойлау жүйесінің Құранға негізделуі және ислам философиясындағы логикалық әдістер мен тұжырымдарды шебер қолдануы туралы баяндалады. Матуридидің құдайлық хикмет туралы тұжырымдары Орталық Азия мен қазақ мұсылмандық дүниетанымының қалыптасуында маңызды рөл атқарған. Оның мұрасы, әсіресе "Таухид кітабы" мен "Тәуилат ал-Құран" еңбектеріндегі Құранды түсіндіру әдістері қазіргі заманғы зерттеулер үшін өзекті болып табылады. Матуридидің ойлау жүйесінде Алла мен адам арасындағы қарым-қатынас, адамның еркіндігі мен жауапкершілігі айрықша орын алады. Сонымен қатар, мақалада тәпсір саласындағы «тәпсір» мен «тәуил» әдістерінің өзара байланысы мен ерекшеліктері талқыланады. Матуридидің мұрасы қазақ мұсылмандығының негіздерінің бірі ретінде қарастырылады. Оның ілімінің бүгінгі жаһандық діни мәселелерді шешудегі өзектілігі мен ұлттық мәдениет пен тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы ерекше атап көрсетілген.