Бірінші дереккөздер бойынша Ахмет Ясауи (библиографиялық талдау)
61 35
Кілт сөздер:
Түйін сөздер: Ахмет Ясауи, Түркістан, Насабнама, Шежіре, Диуани хикмет.Аңдатпа
Қожа Ахмет Ясауи (562/1166 ж.) мұрасын ғылыми зерттеу үдерісі 20 ғасырда Фуад Көпрүлүнің (1890-1966) зерттеулерінен бастау алды. Бүгінгі таңға дейінгі Ахмет Ясауи және Ясауилік туралы көптеген маңызды ғылыми зерттеулер жүргізілгенімен, оның туған жылы туралы мәліметтерде үлкен сәйкессіздіктер бар. Көптеген ғылыми зерттеулерге қарамастан Ахмед Яссауи тұлғасының туған жылына байланысты нақты дерек жоқ. Алайда оның қайтыс болған күні мен өмірінің ұзақтығы туралы Насабнамаларда нақты мәліметтер бар. Шежірелік қолжазбалардағы келтірілген деректерге сүйене отырып, Ахмет Ясауидің туған жылын анықтауға толық мүмкіндік бар. Дегенмен, кейбір ортағасырлық дереккөздер шежірелік қолжазбаларға кереғар әртүрлі мәліметтер ұсынады, осылайша мәселе ғылыми пікірталасқа ашық тақырып ретінде ортаға шығуда. Сондықтан Ахмет Ясауидің туған жылына шежірелік мәліметтер мен бірінші дереккөздер негізінде сарапталып талдау жасауды орынды деп санаймын. Мақалада шежірелік қолжазбаларға ерекше назар аудара отырып, Ахмет Ясауидің туған және қайтыс болған жылдарын бірінші дереккөздерге сүйене отырып анықтау әрекеті берілген. Зерттеу барысында дереккөздер негізінде тереңдеу және салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Сонымен қатар, Ахмет Ясауидің библиографиясына қатысты нақты тұжырым жасалды.