Ислам діні мен түрік мәдени тарихы тұрғысынан құрбандық ғибадаты

24 30

Авторлар

  • К. Яшароглу Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

құрбан, дін, рәсім, ғибадат, Түрік мәдениеті.

Аңдатпа

Құдай ұғымы орын алған барлық дәстүрде сенушілердің Құдаймен әртүрлі
мақсатта қарым-қатынас орнатуы өте маңызды. Барлық сенім жүйесіне кіретін ғибадат түрі
ретінде құрбан шалудың негізгі мақсаты – киемен қарым-қатынас жасау. Құрбандық
дегеніміз құдіретті болмыс немесе болмыстарға жақындау, ризашылық білдіру, бір нәрсені
есту немесе күнәларының кешірілуін тілеу үшін тарту етілетін жануарлар мен заттар.
Адамзат тарихында құрбан шалу барлық дінде дерлік болғанымен, нысаны мен мақсаты
жағынан олардың арасында біршама айырмашылықтар бар. Көптеген құрбандық
рәсімдерінде қан төгумен қатар, құрбандық малдың жанын қию да жүзеге асады. Қан төкпей құрбан шалу рәсімінде қасиетті рухтарға өсімдік, дән, әшекей, ас-сусын, т.б.
тарту етіледі. Ислам діні келгеннен кейін надандық дәуіріндегі құрбан шалу дәстүрін
таухид сеніміне сәйкес келмейтін элементтерден арылту арқылы қайтадан жүйелеп,
қоғамдық қызметтері қосылып, біршама байытылды. Құрбан шалу түрік
қауымдастықтарының исламға дейінгі кезеңдерінде де орын алған. Бұл мақалада құрбан
шалу рәсімінің тарихи процесіне тоқталғаннан кейін оның ислам діні мен түрік мәдениет
тарихында қолданылуы сөз болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-17

Журналдың саны

Бөлім

дінтану