Алвин Плантинга философиясындағы зұлымдық проблемасы және адам еркіндігі
42 26
DOI:
https://doi.org/10.47526/3007-8598.6509Кілт сөздер:
Алвин Плантинга, зұлымдық проблемасы, адам еркіндігі, моральдық жауапкершілік, аналитикалық дін философиясы.Аңдатпа
Зұлымдық мәселесі — дін философиясындағы іргелі тақырыптардың бірі; ол Құдайдың құдіреттілігі мен игілігін әлемдегі зұлымдықтың бар болуымен қалай үйлестіруге болатынына қатысты сұраққа негізделеді. Бұл мақалада аталған мәселе Алвин Плантинганың зерттеу аясын қамтитын адам еркіндігіне негізделген философиялық ұстанымы аясында қарастырылады. Зерттеу жұмысы Плантинганың «Ерік бостандығын қорғау» (Free Will Defense) тұжырымдамасының философиялық негіздерін талдауды одан әрі оның зұлымдық жағдайында Құдай туралы теистік түсініктің логикалық тұтастығын қалай қорғайтынын көрсетуді мақсат етеді. Осы бағытта зерттеле келе Құдайдың абсолютті құдіреті мен ізгілігі, еркіндіктің моральдық құндылығы, адамның таңдау мүмкіндігі мен моральдық жауапкершілігі арасындағы байланыс талданады. Сонымен қатар моральдық және табиғи зұлымдықтың аталған қорғаныс жүйесіндегі орны және мүмкін әлемдер тұжырымдамасының оған беретін философиялық негізі қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде Плантинганың зұлымдықтың нақты себептерін түсіндіретін жан-жақты теодицея ұсынудан гөрі, Құдайдың бар болуы мен зұлымдықтың болуы арасында қажетті логикалық қайшылықтың жоқ екенін көрсетуге ұмтылатыны анықталды. Осы тұрғыдан адам еркіндігі моральдық зұлымдықтың қайнарын және адамның өз әрекеттерінен туындайтын жауапкершілігін түсіндіретін негізгі ұғым ретінде айқындалады.