Құран сөздерін дұрыс түсінуде әл-Исфаһанидің «Муфрадат әлфаз ал-Құран» атты еңбегі

45 31

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.47526/3007-8598.6266

Кілт сөздер:

Исфаһани, әл-Муфрадат, Құран сөздері, дұрыс мағына, көпқырлы әдіснама.

Аңдатпа

Құранды дұрыс түсіну оның түскен дәуіріндегі сөздердің мағыналарын дәл ұғынумен және сол мағыналардың кейінгі ұрпақтарға дұрыс жеткізілуімен тығыз байланысты. Құранның алғашқы тыңдаушылары бұл мағыналарды өздерінің тілдік және мәдени ортасының арқасында табиғи түрде түсіне алған болса, кейінгі ұрпақтардың да сол деңгейде түсінуіне қол жеткізу тарихи әрі тілдік ғылыми ізденістерді талап етті. Осыған байланысты ислам ғылымының ерте кезеңдерінен бастап Мұқатил ибн Сүлейман, әл-Ахфаш, әл-Фәрра және Әбу Убайда сияқты көрнекті ғалымдар Құран сөздерінің мағыналарын түсіндіруге арналған еңбектер жазды. Сол еңбектердің ішінде Рағиб әл-Исфаһанидің «Мүфрадат әлфаз ал-Құран» атты шығармасы ерекше орын алады. Бұл зерттеу  Исфаһанидің  аталған  еңбекте  Құран  сөздерін  түсіндірудегі  ғылыми әдісін  және  олардың  мағыналарын  кейінгі  ұрпақтарға  түсінікті  түрде  жеткізуге  қосқан  үлесін қарастырады. Зерттеу нәтижесінде автор сөздердің мағыналарын қырағаттар, хадистер, араб тілінің көркемдік ерекшеліктері мен поэзия сияқты әртүрлі дереккөздерді ұштастыру арқылы негіздеп, олардың семантикалық қырларын дәлелді түрде ашып көрсеткені анықталды. Сонымен қатар, оның синонимдер мен антонимдерді пайдаланғаны, сөздерді тарихи және ақыреттік қырлары тұрғысынан, сондай-ақ мәтіндік контексіне сәйкес қарастырғаны және тиісті аяттарға жан-жақты түсіндірмелер бергені байқалды. Осы тұрғыдан алғанда, Исфаһанидің көпқырлы әдіснамасы Құран сөздерінің бастапқы дәл мағыналарын айқындауға әрі оларды әртүрлі тарихи кезеңдердегі оқырмандарға түсінікті етуге бағытталған терең ғылыми ізденіс ретінде бағаланады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Дінтану