СЫРДЫҢ ОРТА АҒЫСЫНЫҢ КӨНЕ АТАУЛАРЫ, АҢЫЗДАРЫ МЕН БАЙЫРҒЫ ҚАЛАЖҰРТТАРЫНЫҢ ҚЫСҚАША ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

139 169

Авторлар

Кілт сөздер:

Сырдария, Шардара, Отырар, Жаушықұм, Сүткент, Байырқұм, ортағасыр, қалажұрт.

Аңдатпа

Сырдария алқабы Орталық Азиядағы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан халықтар мен отырықшы егін шаруашылығымен айналысқан халықтардың арасындағы табиғи шекара болып табылуда. Себебі Сырдария өзенінің бойында ежелгі қоныстар мен тұрақтардың, қалажұрттардың көптеп орналасқандығынан және отырықшы халықтардың аталмыш алқапта тығыз қоныстанғандығынан, Сыр бойы Орталық Азиядағы көшпенді халықтар мен отырықшы халықтардың арасындағы табиғи шекара болып табылуда. Мақалада Нарын мен Қарадария өзендерінің Ферғана қазаншұңқырында қосылған жерінен бастау алып Арал теңізіне келіп құятын Сырдария өзенінің орта ағысының жоғарғы бөлігінде орналасқан қалажұрттар зерттелді. Түркістан облысына қарасты Шардара, Арыс және Отырар аудандарында орналасқан Шардара, Жаушықұм, Сүткент, Байырқұм, Отырар және Құйрықтөбе сынды ортағасырлық қалажұрттар мен жер-су атауларының көне этимологиялық атаулары зерттеліп, ғылыми талдау жасалынды. Осы мақсатқа орай, тарихи жазбаша деректер мен археологиялық деректерді зерттей отырып, аталмыш қалажұрттарды сипаттай отырып жүйелі түрде түсіндіруге тырыстық. Мақалада жоғарыда аталған қалажұрттарда жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесін насихаттап, туристік бағыттағы ескерткіштер қатарына қосу үшін көпшілік назарын аударуды көздедік. Сонымен қатар, жоғарыда аталған қалажұрттарды зерттеп, ғылыми айналымға енгізуді жөн санадық.

Әдебиеттер тізімі

Шәлекенов У. Өнегелі өмір. Ш. 33. / бас редак. Г. Мұтанов. – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 500 б.

Қожа М.Б. Ортағасырлық Отырар: аңыздар, деректер, зерттеулер. – Түркістан: Тұран, 2006. – 238 б.

Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. І том / бас редак. М.А. Құл-Мұхаммед. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 396 б.

Байпақов К.М. Ежелгі және ортағасырдағы Отырар. – Алматы: Қазығұрт, 2007. – 248 б.

«Отырар» энциклопедиясы. – Алматы: Арыс, 2005. – 372 б.

Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. ІІ том / бас редак. И.Н. Тасмағамбетов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 397 б.

Сералы Н.О., Сиздиков Б.С. Оғыз тайпаларының діни наным-сенімдері // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2021. – №2(120). – Б. 30–40. https://doi.org/10.47526/habarshy.vi2.604

Сералы Н.О., Сиздиков Б.С., Сералиев А.А. Фараб оазисіндегі Оғыз мемлекетінің саяси орталықтары // Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы. – 2020. – №3(132). – Б. 55–67. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2020-132-3-55-67

Махмұт Қашқари. Түрік тілінің сөздігі (Диани лұғат-ит-түрік). 3 томдық шығармалар жинағы. І том. – Алматы: Хант, 1997. – 531 б.

Агеева Е.И., Пацевич Г.И. Из историй оседлых поселений и городов Южного Казахстана. В кн.: Труды института историй, археологий и этнографий. Том-5. – Алма-Ата: Академия наук Казахской ССР, 1958. – С. 147–157.

[Электронды ресурс]. URL: https://kk.wikipedia.org

Бияров Б.Б. Жер-су аттарының сөзжасамдық үлгілері. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2012. – 459 б.

Максимова А.Г., Мерщиев М.С., Вайнберг Б.И., Левина Л.М. Древности Чардары (Археологические исследования в зоне Чардаринского водохранилища). – Алма-Ата: 1968. – 264 c.

[Электронды ресурс]. URL: https://kk.encyclopedia.kz/

Пәрменқұл С.Т., Сералиев А., Сиздиков Б.С., Алмазұлы Ш. 2020 жылы Отырар қалажұртында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2020. – №4(118). – Б. 283–297. https://doi.org/10.47526/2020/2664-0686.054

Байпаков К.М., Авизова А.К. Тамгообразные знаки на керамике с памятников Отрарского оазиса доарабской эпохи // Поволжская Археология. – 2017. – №3(21). – С. 142–155. https://doi.org/10.24852/pa2017.3.21.155.167

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-31

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХ