БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПАТРИОТИЗМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
169 177
Кілт сөздер:
бастауыш сынып, оқушылар, патриотизм, қалыптастыру, технология, оқу үдерісі.Аңдатпа
Патриоттық сезім – бұл адамның бойында қалыптасатын, адамның саналы өмірімен қабаттасатын психологиялық, әлеуметтік құбылыс. Бүгінгі таңда бұл бағыт білім беру мекемелерінің жұмысында ерекше маңызға ие болды. Бұрынғы идеологиялық білім беру базасының жойылуы, ескі құндылықтар жүйесінен бас тарту, асығыс және кәсіби емес жүргізілген мектептің деполитизациясы және деидеологизациясы – мұның бәрі мақсатты педагогикалық процесс ретінде патриоттық тәрбиеден бас тартуға әкелді. Қоғамдық санаға тәрбиедегі «өзін-өзі тану» идеясы енгізілді. Мұндай жағдайда бұрынғы білім беру жүйесі жойылды. Бұл мектепте азаматтық қоғам құру міндеттеріне сәйкес келетін жаңа білім беру жүйесін құру қажеттілігін тудырды. Мақалада бастауыш сынып оқушыларының патриотизмін қалыптастырудың өзекті екені дәлелденген. Патриоттық тәрбиені бастауыш мектептен бастап қолға алу керек екені айтылған. Мұның себебі, төменгі сыныптағы кезең - бұл баланың дамуының іргетасы, негізі болатын оқу іс-әрекетін қалыптастырудың өте қолайлы кезеңі. Мақалада бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне көңіл бөлінген. Патриотизмді қалыптастырудың жүйесі, жолдары, әдістері көрсетілген. Патриоттық тәрбие бойынша іс-шаралар жоспары құрылған. Бастауыш сынып оқушыларының патриотизмін қалыптастыру бойынша эксперимент жұмысының нәтижелері берілген. Зерттеу жұмысымыздың нәтижелері ЖОО-да болашақ мұғалімдерді бастауыш сынып оқушыларын патриотизмге тәрбиелеуге даярлау үдерісінде пайдаланылуы мүмкін.
Әдебиеттер тізімі
Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде. – Алматы: Кітап, 1993. – 32 б.
Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш: зерттеу мен өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2003. – 208 б.
Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991. – 384 б.
Аймауытов Ж. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 189 б.
Жұмабаев М. Шығармалары: өлеңдер, поэмалар, қара сөздер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 428 б.
Құдайбердиев Ш. Ақиқат айнасы: өлеңдер. – Алматы: Олжас кітапханасы, 2012. – 160 б.
Бижанов Ә. Қазақстандық патриотизм – ынтымақтастықтың қайнар көзі // Ақиқат. – 2015. – №11. – Б. 10.
Айтхожина Г.Р. Воспитание казахстанского патриотизма в системе профессионального образования как основа достижения // Білім –образование. – 2015. – №1. – С. 137–140.
Утегенов Е. К вопросу возрождения военно-патриотического воспитания школьников // Высшая школа Казахстана. – 2016. – №3. – С. 78–79.
Джусубалиева Д.М. и др. Формирование патриотизма в современных условиях // Материалы межденародной научно-практической конференции «Наука: теория и практика». – Днепропетровск, 2015. – С. 111–113.
Абуова Б. Патриотическое воспитание молодежи как элемент системы формирования духовных ценностей // Ұлт тағылымы. – 2013. – №3. – Б. 215–218.
Tuna S., Mussabekova G.T. and others. Preparing future teachers to evaluate learning outcomes // Opción, Año 35, Regular No.90-2 (2019): 385-402 ISSN 1012-1587/ISSNe: 2477-9385.
Кульжанова Г.К. Патриотическое воспитание казахстанской молодежи: проблемы и перспективы. [Электронный ресурс]. URL: https://articlekz.com/article/10988