ТОПОНИМДЕНУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТҮРКІЛІК НЕГІЗ

146 115

Авторлар

  • Ж. ҚОҢЫРАТБАЕВА Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

топонимдену, топожүйе, жалқы есім, урбанонимия, түркілік негіз, этимология, интралингвистикалық фактор, Қазақстан.

Аңдатпа

Соңғы кезеңде Елорданың урбанонимдік кеңістігінде, негізінен, үш үлкен үдеріс жүріп жатыр деуге болады: олар – 1) ұлттық трансонимдену үдерісі, яғни жаңадан қойылған, қайта атау алған нысан атауларының меморативтік принцип бойынша (оның ішінде ұлттық меморативтер) жүргізілуі; 2) тарихи-мәдени үдеріс; яғни нысан атауларының ұлттық мәдени нышан сипатында жаңғыруы; 3) ұлттық топонимдену үдерісі, яғни жалпы есімдердің жалқы есімдік сипатқа ие болуы. Мақала мазмұнының басты мақсаты – Елорданың урбанонимдік кеңістігіндегі ең бір өнімді ішкі ресурстық дамудың бірі – осы топонимдену үдерісі нәтижесінде қалыптасқан онимдер қабатының түркілік негізін ашып, анықтау. Яғни урбанонимия жүйесіне этимологиялық талдау жүргізе отырып, онимденген бірліктердің негізгі шығу көзі түркі тілдер тобына жататындығын көрсету.
Елорда урбанонимиясы кеңістігіндегі топонимдену үдерісінде ішкі ресурстық дамудың өзіндік үлес салмағы басым, яғни оның ономастикалық картасындағы онимдер қабатының дені түркілік негіздің нәтижесінде қалыптанған. Бұдан шығатын қорытынды, қазақ елінің бас қаласының урбанонимдік дизайны Қазақстан Республикасының тіл саясаты мен атау беру / қайта атау принциптеріне жауап беретін бірден-бір тарихи-мәдени орталыққа айналып үлгерді. Ал қаланың ішкі нысандарына атау беру заңдылықтарындағы онимдердің қабатын анықтау оларға диахрондық зерттеу жүргізу арқылы одан да терең ашыла түседі деп түсінеміз.

Әдебиеттер тізімі

Суперанская А.В. Общая теория имени собственного. – Москва: Наука, 1973. – 367 с.

Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы. – Алматы: Азия, 2004. – 128 б.

Никонов В.А. Этнография и ономастика (на материале Украины) // Советская этнография. – 1971. – №5. – С. 25-36.

Жанұзақ Т. Жер-су атаулары (этимологиялық анықтамалық). – Алматы: Өнер, 2011. – 496 б.

Әбдірахманов А. Топонимика және этимология. – Алматы: Ғылым, 1975. – 207 б.

Астана ономастикасы. – Астана: Астана полиграфия, 2012. – 248 б.

Комарова З. Методология, метод, методика и технология научных исследований в лингвистике. – Екатеринбург: УрФУ, 2012.

[Электронды ресурс]. URL: http://astana.gov.kz/ [Қаралған күні: 05.10.2020].

Қашқари М. Түрік сөздігі. Үш томдық. Т. 3. – Алматы: ХАНТ, 1998. – 600 б.

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. – Алматы: Арыс, 2006, 1-том. – 752 б.

Қашқари М. Түрік сөздігі. Үш томдық. Т. 1. – Алматы: ХАНТ, 1997. – 590 б.

Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді (Сөздердің қолданылу тарихынан). – Алматы: Санат, 1994. – 272 б.

Астана көшелері. Улицы Астаны. Жинақ. – Алматы: Сардар, 2011. – 376 б.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 2-том. – Алматы: Арыс, 2006. – 744 б.

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 3-том – Алматы: Арыс, 2007. – 744 б.

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 5-том – Алматы: Арыс, 2007. – 752 б.

Сулейменов О. Язык письма. Взгляд в доисторию – о происхождении письменности и языка малого человечества. – Алматы: Рим, 1998. – 497 с.

Древнетюркский словарь. – Ленинград: Наука, 1969. – 677 с.

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 6-том. – Алматы: Арыс, 2007. – 752 б.

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 12-том. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011. – 752 б.

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14-том. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011. – 800 б.

[Электронды ресурс]. URL: http://egemen.kz [Қаралған күні: 25.10.2019].

Жүктеулер

Жарияланды

2021-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ