гінгі жастардың рухани мәдениетін қалыптастырудағы ұлттық салт-дәстүрдің рөлі
249 151
Кілт сөздер:
рухани мәдениет, ұрпақ тәрбиесі, құндылықтар, заманауи жастар санасы, ұлттық мәдениет, материалдық құндылықтар, қайта жаңғыру, еңбексүйгіш ұлтжанды жастар.Аңдатпа
Мақалада жастардың бойында ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып, рухани құндылықтарымызды қайта жаңғырту мақсатында жастар санасында ұлттық мәдениетке деген өзіндік көзқарастар қалыптастырудың маңыздылығы қарастырылады. Келешек ұрпаққа адамшылық жолды көрсететін қазақ данасы Ұлы Абайдың этикалық ұстанымдары, бағыт-бағдарлары да жан-жақты сараланады. Яғни, қазақ данасының өлеңдері және философиялық қара сөздері болсын – бүгінгі ұрпақ үшін үлгі болатын басты құндылықтардың бірі болып отырғаны анық. Сонымен қатар мақалада бүгінгі техниканың қарыштап дамып келе жатқан қоғамында өскелең ұрпақ үшін ұлттық салт-дәстүрлеріміздің құндылығын жоғалтпай, заманауи өзгерістермен толықтыра отырып жастардың санасына сіңіре білу қажеттігі сөз болады.
Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – бұл ұлттық салт-дәстүрі мен мәдениеті болып келері анық. Ал мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы мен парасаты. Демек, қазіргі техногендік қоғамдағы қазақ ұлтының бет-бейнесі, рухани болмысы мен парасаты неғұрлым жоғары деңгейде болуы үшін болашақ жастар ұлттық тәрбиемен қатар рухани құндылықтарымызды терең бағалап, ұлттық санамыздағы ұлтқа деген қадір-қасиетімен сусындап өскені абзал.
Әдебиеттер тізімі
2004–2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы // Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкім актілер жинағы. – 2004. – № 2. – Б. 5–6.
Бектас Г., Нұрмахан А. «Мәдени мұра»: Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды... // Айқын. 14.10.2016.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде. – Алматы: Қазақстан XXI ғасыр, 1999. – 32 б.
Ғарифолла Е. Қазақ философиясы мен өркениетінің мәселелері. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 510 б.
Мырзахметов М. Қазақ тілін білмейтіндерге қызмет берілмеуі керек! // Жас қазақ үні. – 2014.
Бес ғасыр жырлайды. – Алматы, 1984. – 210 б.
Қасым-Жомарт Тоқаев. Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан // Egemen Qazaqstan. – 9 қаңтар, 2020
Орынбеков М.С. Духовные оосновы консолидации казахов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2001. – 163 с.
Нусипова Г.И., Абуов Ә.Е., Мансұров Н.Б. Абай шығармашылығындағы еркіндік мәселесі // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2020. – №4(118). – Б. 54–63. https:doi.org/10.47526/2020/2664-0686.055
Қасым-Жомарт Тоқаев. Абай – рухани реформатор // Egemen Qazaqstan, 10 тамыз, 2020.