Қазіргі Қазақстанның тілдік жағдаяты: әлеуметтік-лингвистикалық талдау

214 130

Авторлар

  • А. ПИЯЗБАЕВА А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

Кілт сөздер:

тілдің өміршеңдігі, қазақтілді контент, тілдік кеңістік, тілдік қайшылықтар, тіл жағдаят, тілдің әлеуметтік функциялары, қазақ тілінің моделі, мемлекет құрушы ұлт.

Аңдатпа

Тіл – адамзат қоғамында өмір сүретін әлеуметтік құбылыс. Кез келген тіл қоғамда коммуникативтік (қарым-қатынас құралы), экспрессивтік (ойды жарыққа шығару құралы), конструктивтік (ойлау құралы), аккумулятивтік (тәжірибе мен білімнен жиналған дағды), кумулятивтік (жинақтау), трансформациялық (тасымалдау) және т.б. қызметтер атқарады. Бұлар тілдің түрлі кезеңдеріндегі даму деңгейлеріне тән және өзіндік жүйесінде өзгермейтін туабітті компоненттері болып табылатын негізгі қызметтері деп аталады. Ал тілдің қоғамдық қызметтері, бұл – тілдің сол негізгі қызметтерінің әртүрлі әлеуметтік орталарда, қоғамдық өмір салаларында және әртүрлі мақсаттар мен жағдаяттарда пайдаланылуы қолданылуының көрінісі. Қазақ тілінде қоғамдық ортаны қалыптастыруға ықпал ететін факторлар білім беру жүйесі, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік тілде іс жүргізуді бақылауды жүзеге асыратын әрбір мекемедегі тілді дамыту бөлімдері және басқа да мекемелер мен қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының өздері болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстандағы тілдік ахуал проблемасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында көрініс тапты. Онда елдің және оның азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында үштілділікті дамыту қажеттілігіне сәйкес «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезең-кезеңімен іске асыру ұсынылады: мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілі және әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігу тілі ретінде ағылшын тілі. Осыған байланысты қазіргі уақытта қазақ тілінің әлеуметтік мәселелерін зерделеу және талдау бойынша бірқатар ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Қазақстандағы жаңа әліпбиге көшуге байланысты тілдік реформа жағдайында тілдің өміршең параметрлерін қайта басып шығару және анықтау ерекше өзекті болып табылады.
Бұл мақалада қазіргі Қазақстанның тілдік жағдаятына әлеуметтік-лингвистикалық талдау жасалған.

Әдебиеттер тізімі

Ахметжанова З. Витальность казахского языка как проблема языкознания и языковой политики // Вестник Павлодарского государственного университета. – 2010. – №1.

Сулейменова Э.Д., Мадиева Г.Б., Шаймерденова Н.Ж. Словарь по языкознанию. – Алматы: Ғылым, 1998.

Уәли Н. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғышарттары // ҚР ҒА Хабарлары. Тіл-әдебиет сериясы. – 1998. – №3.

Момынова Б. Қазақ әдеби тілінің өміршеңдігі // Павлодар Мемлекеттік университетінің хабаршысы. Филология сериясы. – 2010. – №3.

Фазылжанова А. «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасындағы тілдердің Қазақстан кеңістігіндегі үйлесімді қызметі // «Білім және ғылым саласындағы инновациялар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы, 2011. – Б. 172–179.

Фазылжанова А. «Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырушы органдарға арналған әліпби ауыстырумен байланысты тілтанымдық реформаны жүзеге асырудағы тілдік жағдаят және қауіптерді <ағыл. risk> басқару» жөніндегі талдамалық анықтама. – Алматы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2018.

ҚР БҒМ «Ақпараттық-аналитикалық орталық» АҚ «ҚР білім беру жүйесінің даму жағдайы туралы ұлттық баяндама». – Астана, 2017.

«Сорос – Қазақстан» қорының қаржылық/сараптамалық қолдауымен жүргізілген «Тұрмысың қалай, жастар?» атты Қазақстанның әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар қауымдастығының (ҚӘСҚ) зерттеу жобасы аясында 2016 жылғы 23 сәуір – 6 мамыр аралығында жастар арасында «Аймақтық жастардың этностық-діни бірегейленуі» атты сауалнаманың нәтижелері бойынша дайындалған есеп. – Астана, 2016.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты «Қоғамдық пікір» институты» ҚБ «Қазақстандағы медиа-тұтынудың қазіргі заманғы тенденциялары» атты аналитикалық жиынтық есебі. – Астана, 2018.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жай-күйі және дамуы туралы ұлттық баяндама (Қазақстан тәуелсіздігінің жылдарында) / Қоғамдық пікір зерттеу институты ақпараттық-талдау орталығы. – 2017. [Электронды ресурс]. – Кіру режимі: http://iac.kz/kk/analytics

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ