ХИМИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
204 182
Кілт сөздер:
ақпараттық коммуникация, педагогикалық технология, инновация, бәсекелестік, химия негіздері, модульдік оқыту, әдістеме.Аңдатпа
Мақалада 10-сынып оқушыларына арналған «Атом құрылысының қазіргі заманғы теориясы» тақырыбын талдау барысында білім алушыны шығармашылыққа бағыттайтын, іс-әрекетті дамытуда қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әр түрлі нысандары ұсынылды.
Химия сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өз бетінше жұмыс істеу факторы ретінде – есептерді шығара білу, жылдамдық пен шеберлік дағдыларын, ұйымдастыра отырып, интерактивті құрал-жабдықтардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу, білім алушының жаңаша ойлау қабілетін дамыту, коммуникативті дағдыларын қалыптастыру, химиядан білімгерлерді оқытуда заманауи білім беру бағдарламаларын қолдану, оларды толықтыру, сонымен қатар білімгерлердің танымдық белсенділігін дамыту жолдары қарастырылды. Мақалада келтірілген зерттеу жұмысының практикалық құндылығы білім алушылардың оқу сауаттылығын көтеруде айналасындағы қоғам мен мәдениеттің дамуына сәйкес оқу процесін жаңашылдандыру, білім алушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы: «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2012. – 15 желтоқсан.
Капуова Б.С. Жаңа формация педагогі – шығармашыл тұлға. [Электронды ресурс]. – Кіру режимі: http:zkoipk.kz/ru/ confnis3s/670-confnis.html
Қазақстан Республикасының 2011–2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 қаулысы [Электронды ресурс]. – Кіру режимі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1100000130
Шалгимбекова А.Б., Салыкова Ә.Д. Жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама // «Білім беру практикасы сапасын жоғарылатудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. І кітап. – Қостанай. 2019. – 395 б.
Иманова Э.М., Байташева Г.У., Мусина А.С. Жаңартылған білім беру жүйесінің білім сапасын арттырудағы ерекшеліктері // Uluslararasi turk dunyasi arastirmalari dergisi. Cilt: 2. – Sayı: 2. – Nisan 2019.
Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру [Электронды ресурс]. – Кіру режимі: https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy.
Оқытуда жаңа технологияларды қолдануда оқушы мен мұғалімнің рөлі [Электронды ресурс]. – Кіру режимі: https://infourok.ru/oituda-zhaa-tehnologiyalardi-oldanuda-oushi-men-malimni-rli-876335.html.
Әбілқасымова А.Е., Садықов Т.С. Жоғары мектепте білім берудің дидактикалық негіздері. – Алматы: Ғылым, 2003. – 190 б.
Йылмаз С., Бекенова Г.С. Химия пәнін кейстік әдіспен оқыту тәсілдері // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Химия» бөлімі. – 2017. – №1(85). – Б. 86–92.
Махсат А. Жаратылыстану пәндеріне химия пәнін кіріктіріп оқытудағы ерекшеліктері // «Орта білім мазмұнын жаңарту аясында ғылыми жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерін оқытудың тиімді жолдары» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдарының жинағы. – Алматы, 2018. – 306 б. – Б. 167–171.
Ескендірова Д., Қожамқұлова Ж. Білім берудің құзіреттілікке бағытталған мазмұнын ескере отырып, білім берушілердің кәсіби дамуы // «Оқытушының кәсібилігі: мәні, мазмұны, дамуы перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. – Мәскеу, 15–16 наурыз, 2018. – Б. 110–116.