ИМАНЖҮСІП МҰРАЛАРЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ МАҢЫЗЫ

169 138

Авторлар

  • Е. АЗИ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Р. ИМАНЖҮСІП Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А. БЕКЕНОВА Ақтан жырау атындағы орта мектеп

Кілт сөздер:

Иманжүсіп, сал-сері, өнер, ақын, әнші, салт-дәстүр, көшпенділер, қазақ, мәдениет.

Аңдатпа

Салдық, серілік туралы әңгіме қозғағанда, олардың әншілік, композиторлық, палуандық қырлары мен сұлуларға құмарлығын сөз етумен ғана шектеле береміз. Негізгі мәселе басқада секілді. Салдар мен серілердің ғұмыр жолдарын саралап отырсаңыз, тамаша басталып, тауқыметпен біткен тірлікке куә боласыз. Сал мен серінің бәріне бірдей жабысқан жалғанның жайсыздықтарына қалай баға береміз? «Үш жүзге аты мәлім» Біржан салдың өзін байлап-матап қор қылды. Ақанның сүйікті Құлагерін мертіктіріп, алжытып жіберді. Мәди мен Иманжүсіпті торға тоғытып, ақыры түбіне жетті.
Сонау адамзат тарихы таңбалана бастаған тұстан бері қарай сараласаңыз, кейбір жандардың басы ноқтаға сыймайтын тарпаң жаратылатынына куә боласыз. Олардың тыныс-тірлігі өзгелерден басқаша өрбігенін көресіз. Оларды да жаратқан бір Алла. Өзін ақылды санайтын адамдар оларды есі ауысқан мүсәпір көреді. Авторлар салдар мен серілердің де өзіндік сипаттары олардың ерекше жаралғандығында жатыр деп жобалайды. Сал-серілер өздерінің сан қырлы өнерлерімен қазақ мәдениетін биікке жетеледі. Көшпенділер мәдениетінің ілгері жылжуына мол үлестерін қосқан деп есептейді. Еңбекте сол турасында ізденіс жасалып, мақала өресі осынау ойлар, тақырыптар төңірегінде өрбиді.

Әдебиеттер тізімі

Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. IV том. / Бас редактор Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» баспасы, 2002. – 718 б. 2. Қазақ совет энциклопедиясы. 4-том / Бас редактор М.Қ. Қаратаев. – Алматы: Қазақ совет энциклопедиясының Бас редакциясы, 1974. – 672 б.

Агамбен Д. Қастерлі адам / Ривкин Д., Райан М. редакциясымен. Кітапта: Әдебиет теориясы. Антология: 3 том. – Астана: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 440 б.

Гумилев Л.Н. Конец и вновь начало. – Москва: Айрис-Пресс, 2000. – 386 с.

Власова Г.И. Пассионарная образность поэзии Л.Н. Гумилева // Учение Льва Гумилева и современные народы Евразии: VI Международный Евразийский форум. – Астана, 2007. – С. 151. 6. Төлеутай Е. Иманжүсіптің әні // Ана тілі. [Электронды ресурс]. – Кіру режимі: http://anatili.kazgazeta.kz/?p=13946 (қаралды: 01.03.2020)

Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. 2-том: Орта ғасырлар философиясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 400 б.

Барнард А. Антропология тарихы мен теориясы. – Астана: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 240 б.

Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 1-том: Мақалалар, пьесалар. 1917–1920. – Алматы: Дәуір, 2014. – 464 б.

Аристотель философиясы. Әлемдік философиялық мұра. 3-том. – Алматы: Саясат, 2005. – 568 б. 11. Нүсіпова Г. Қазақ философиясындағы еркіндік идеясы // Адам әлемі. – 2019. – №1(79). – Б. 75–88. 12. Тәжібаев Ә. Палуан аға // Жұлдыз. – №12, 1977. [Электронды ресурс]. – Кіру режимі: https://adebiportal.kz/(қаралды: 01.03.2020)

Кошенова Р. Тұлпардың ізімен. – Алматы: Қазығұрт, 2012. – 212 б.

Джонсон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 216 б.

Әуезов М. Абай жолы. 2 том. – Алматы: Жазушы, 2013. – 431 б.

Мырза Әли Қ. Жазмыш. – Алматы: Атамұра, 2004. – 480 б.

Балтабаева А.Ю. Қожа Ахмет Ясауи философиясындағы рух мәселесінің қарастырылуы // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2020. – №1(115). – Б. 21–31.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ, ДІНТАНУ