ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯДАҒЫ ЛАТЫН ӘЛІПБИІ МӘСЕЛЕСІ
131 132
Кілт сөздер:
Қазақстан, Түркия, латын әліпбиі, жаңа жазу, рухани үндестік, сауаттандыру, ұлттық мүдде.Аңдатпа
Латын әліпбиіне көшу мәселесі – қазақ қоғамын түркі дүниесімен рухани тұрғыда жақындастыратын батыл қадам. Сондықтан латын қарпіне негізделген әліпбиге өтудің ең алдымен ұлттық мүддеден туындап отырғандығын түйсініп, қоғамның рухани кеңістігін кеңейтетін осынау оң бастамаға барынша қолдау білдіргеніміз абзал.
Мақалада Қазақстан мен Түркияның латын әліпбиіне көшу мәселесі, жаңа жазуға өтудің тиімді жолы, екі ел арасындағы рухани жақындық ұстанымдары зерделенеді. Қазіргі таңда қазақ жазуын латын әліпбиіне ауыстыру қызу қолға алынып жатыр. Осыған орай, төл әліпби құрастыру мәселесі өте өзекті болып тұр. Шындығында латын алфавитіне көшу жаһандық сын-қатерлер төніп тұрған тұста ұлттық болмысымызды сақтаумен бірге өскелең ұрпақтың ағылшын тілін еркін меңгеруіне де даңғыл жол ашады. Сонымен қатар мақалада бауырлас екі елдің латын әліпбиіне көшу тарихына арнайы тоқталып, қазіргі әліпбидің артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеп-зерделеуге көп мән берілген.
Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес.
Әдебиеттер тізімі
Түркістандағы қазақ ұлттық интеллигенция өкілдерінің өмірі мен қайраткерлік қызметі: құжаттар мен материалдар жинағы. – 1-басылым. – Шымкент, 2004. – Б. 126–129.
Балтабайұлы А. Жұлдызды ғұмыр // Егемен Қазақстан. – 2017. – 18 тамыз.
Сақ Қ. Алаш көсемсөзі: Тіл мәселесі. Көптомдық. 2-том. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – 400 б.
Қара Ә. Мықты әліпбиге – нақты қадам // Жас қазақ. – 2017. – 14 сәуір. – №16.
Байтұрсынұлы А. Жазу тәртібі // Айқап. – 1912. – №4–5.
Әліппе айтысы. – Қызылорда, 1927. – 16–29 бб.
Байтұрсынұлы Ақыметтің араб әліпбиін жақтаған байандамасы. [Электронды ресурс]. – Кіру режимі: https://tilalemi.kz/article/1067-.html
Қамзабекұлы Д. Алаш арқауы (зерттеу мақалалар). – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2017. – 405 б.
Тасболат К. Латын әліпбиі: әлемдік тәжірибе қандай? // Айқын. – 2017. – 27 қазан.
Фазылжанова А. Латын әліпбиіне көшу Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінде қалай жүргізілді? // Ана тілі. – 2013. – 24 қаңтар.
Қайдар Ә. Латын әліпбиі ауызбірлікті күшейтеді // Егемен Қазақстан. – 2013. – 14 ақпан.