БӘДРУДДИН ӘЛ-АЙНИ МЕН ИБН ХАЖАР ӘЛ-АСҚАЛАНИДІҢ «САХИХ ӘЛ-БҰХАРИ» ЖИНАҒЫНА ЖАЗҒАН ТҮСІНДІРМЕ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЛАРЫ
219 138
Кілт сөздер:
хадис, шарх, фиқһ, сахих, иснад, рауи, хафиз, фақиһ.Аңдатпа
Мақалада Бәдруддин әл-Айни мен Хафиз Ибн Хажар әл-Асқаланидің өмірі мен ғылым жолына, шығармашылығы жайлы сөз қозғалады. Атап айтар болсақ, Бәдруддин әл-Айнидің өмірі, ғылым жолы, ұстаздары мен шәкірттері, жазған еңбектері баяндалады. Сол секілді Хафиз Ибн Хажар әл-Асқаланидің де өмірі, ғылым жолы, ұстаздары мен шәкірттері, жазған еңбектері жайлы айтылады. Бұлардан бөлек Бәдруддин әл-Айни мен Хафиз Ибн Хажар әл-Асқалани өмір сүрген елдегі діни-саяси және әлеуметтік жағдай да қарастырылады. Өйткені Бәдруддин әл-Айни мен Хафиз Ибн Хажар да бір дәуірде, бір елде және бір патша тұсында өмір сүрген. Сондықтан олардың өмір сүрген кезеңіндегі діни-саяси жағдай маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар аталған мақаланың негізгі бөлімінде Бәдруддин әл-Айнидің «Умдат әл-Қари» кітабы мен Хафиз Ибн Хажардың «Фатхул-Бәри» кітабы компаративистикалық тұрғыдан зерттеледі. Екі ғалымның бұл еңбектері өз кезегінде «Сахих әл-Бухари» жинағына түсіндірме ретінде жазылған. Атап айтар болсақ, зерттеу барысында Бәдруддин әл-Айнидің «Умдат әл-Қари» кітабы мен Хафиз Ибн Хажардың «Фатхул-Бәри» кітабы көлемдік, құрылымдық және методолгиялық тұрғыдан зерттеледі. Зерттеу нәтижесінде олардың арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктер айқындалады.
Әдебиеттер тізімі
Мухаммад ибн Абдурахман әс-Сахауи. Дау` әл-Ламиғ. – 1-том. – Бейрут: Дәр Мәктаба әл-Хаят, 1998. – 400 б. [араб тілінде]
Абу Мухасин. Манһал әс-Сафи. – Кайр: Хайәт әл-Мысрия әл-Ғаммат лил-Кутуб, 1991. – 453 б. [араб тілінде]
Бәдруддин әл-Айни. Умдату әл-Қари. – Кайр: «Дәрул-кутуб әл-мысрия», 2005. – 350 б. [араб тілінде]
Мухаммад ибн Абдурахман әс-Сахауи. Дау` әл-Ламиғ ли әһли әл-Қарни әт-тәсиғ. – 2-том. – Бейрут: Дәр Мәктаба әл-Хаят, 1998. – 300 б. [араб тілінде]
Ибн Хажар әл-Асқалани. Рафғ әл-иср ған қудат Миср. – Кайр: Мактабат әл-ханижи, 1988. – 455 б. [араб тілінде]
Ибн Хажар әл-Асқалани. Инба әл-ғумар биабнайл-ғумар. – 1 том. – Бейрут: Дәрул-кутуб әл-илмия, 1986. – 488 б. [араб тілінде]
Мухаммад ибн Абдурахман әс-Сахауи. Жауаһир уад-дурар. – 3 том. – Бейрут: Дәр Ибн Хазм, 1999. – 1404 б. [араб тілінде]
Абд әс-Саттар. Ибн Хажар әл-Асқалани әмир әл-муминун фил-хадис. – Бейрут: Дарул-қалам, 1996. – 639 б. [араб тілінде]
Ибн Хажар әл-Асқалани. Фатх әл-Бәри Шарх Сахих әл-Бұхари. – 1-том. – Риад: Дәр әс-Сәләм, 2000. – 781 б. [араб тілінде]
Бадруддин әл-Айни. Умдат әл-Қари Шарх Сахих әл-Бұхари. – 1-том. – Бейрут: Дәр ихиа әт-турас әл-араби, 2010. – 507 б. [араб тілінде]
Жадур-Рабб Әмин Абдул-Мажид. Бәйнәл-Имәмәйни әл-Айни уа Ибн Хажар дирасат муқарана ли-манһажайһима фи шарх Сахих әл-Бұхари. – Кайр: Дәр әл-Харамайн, 2007. – 569 б. [араб тілінде]