ЖЕТІСУДЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНІҢ ДІНИ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ ӘЛЕУЕТІ
242 178
Кілт сөздер:
рухани жаңғыру, киелі жерлер, сакралды Қазақстан, діни туризм, кесенелер, тарихи-мәдени мұра.Аңдатпа
Ұсынылып отырған мақала Алматы облысының Қаратал, Көксу өңірлеріндегі киелі орындардың сакралды туризмді дамытудағы әлеуетін көрсетеді. Себебі, аймақтың бай тарихы, аймақта өмір сүрген белгілі тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы – бірегей мәдени және діни көрікті жерлердің әлеуетін ашуға, халықты дәстүрлі құндылықтармен таныстыруға, патриотизм мен гуманизмге, рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар, зерттеудің негізгі мақсаты баяндалады. Зерттеу барысында қолданылған далалық зерттеудің әдістері, ақпаратты жинау әдіснамасы көрсетіледі. Сонымен қатар діни туризм феноменіне ғылыми қызығушылық тренді мәселесі қарастырылады. Отандық, ресейлік, шет елдік ғалымдардың осы тақырып аясында жүргізілген зерттеулерінде, ғылыми жарияланымдарында қандай мәселелердің көбіне көтеретіндігі туралы мағлұмат беріледі. Негізгі бөлімде Жетісу өңірінің Қаратал аймағында орналасқан бірқатар киелі жерлерге жүргізілген далалық зерттеудің нәтижесі баяндалады. Ескелді би, Балпық би, Айту би, Қарымбай әулие және Жолбарыс батыр сынды билердің кесенелерінің қазіргі жағдайы, оларға келушілердің саяхат мотивтері зерттелді. Мақала жазу барысында өңірлік авторлардың тарихи тұлғаларға арналған аңыз, әңгіме, деректерді қамтитын жинақтары кеңінен қолданылды. Қорытынды бөлімде зерттеу нәтижесінің қорытындысы шығарылып, негізгі тұжырымдар келтірілді. Аталған туризм түрін дамытуға қолайлы жағдайлар жасау үшін басымдықтарды қай мәселелерге бағыттау туралы ұсыныстар жасалды.
Әдебиеттер тізімі
Тоқтарбай Е., Толымбекұлы Е. Жетісу өңірінің аңыз-әңгімелері. Тарихи-танымдық толғаныстар. – Алматы: Баянжүрек, 2020. – 186 б.
Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. [Электронды ресурс]. URL: https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy
«Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасына енгізілген нысандарды іріктеудің ғылыми негізделген критерийлері: Ұжымдық монография / З.Е. Қабылдиновтың жалпы редакциясымен. – Алматы: Атамұра, 2017. – 260 б.
Афанасьев О.Е., Афанасьева А.В. Религиозный туризм как тренд мировой и российской туриндустрии: концептуальная сущность и модели развития // Современные проблемы сервиса и туризма. – 2019. – Т.13. – №3. – С. 7–27.
Исмаилов О. Ел жүрегіндегі Ескелді би (аңыз, әңгіме, деректер). – Алматы, 2006. – 384 б.
Қонысұлы Қ. Айту би кесенесі // Алматы ақшамы. IV-VII, 1997 ж.
Байтақ елдің Балпығы: Тарихи тұлғалар жайлы мақалалар мен толғаулар, арнау өлеңдер. – Алматы: Баянжүрек, 2019. – 336 б.
Байтанаев Б.А. (ред.) Сакральная география Казахстана. Выпуск 1. Реестр объектов природы, археологии, этнографии и культовой архитектуры. – Алматы: Институт археологии им. А.Х. Маргулана, 2017. – 904 с.
Қараман Қ. Қарымбай әулие // Жұлдыз. – 2005. – №4. 197-204.
Жолбарыс батыр кесенесі // Алматы ақшамы. IV-VII, 1997 ж.