Ағылшын тілін оқыту үдерісіндегі мотивация феномені

198 239

Авторлар

  • Р. ТАУКЕБАЕВА Орталық Азия инновациялық университеті

Кілт сөздер:

мотивация, ағылшын тілін үйрену, аспаптық мотивация, интегративті мотивация, коммуникативті құзыреттілік, мотивацияны арттыру әдістері, оқу материалының мазмұны, оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Аңдатпа

Мотивация ұзақ уақыт бойы шет тілін меңгеру процесінде қозғаушы күштердің бірі ретінде танылды, бұл оқу нәтижелеріне айтарлықтай әсер етеді. Бұл мақала студенттердің ағылшын тілін үйренуге деген ынтасының түрлері мен деңгейлерін анықтауға арналған. Мотивация оқу процесінде оқушының зейінін арттыруға мүмкіндік беретін негізгі құрал. Мұнда мұғалім рөлінің маңызы мен міндетін және оқу процесінің міндеттерінің маңыздылығына студенттерді сендіру болып табылады. Оқу процесінің міндеттерінің маңыздылығын түсінетін студенттер үшін бұл мотивацияның нәтижесі болады. Студенттердің ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылық деңгейін зерттеу барысында студенттердің іс-әрекетінде басым мотивтер (интегративті, аспаптық) анықталды. Мотивация мәселелерін талдау ағылшын тілін үйренудің аспаптық бағыты интегративтіден басым болатындығын көрсетеді және бұл аспаптық мотивация ағылшын тілін үйрену процесіне әсер ететін өте маңызды ынталандырушы фактор екендігіне тоқталуға мүмкіндік береді. Бұл мақалада көптеген ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, аспаптық мотивацияның басым себептері қарастырылды: кәсіби, академиялық, бедел мотивтері және коммуникативті мотивтер. Тыңдау және оқу – студенттер үшін ең қиын дағдылар. Сондай-ақ, бұл мақалада студенттердің ағылшын тілін меңгеруге деген ынтасын арттыру әдістері мен тәсілдері қарастырылады. Мотивацияны арттырудың негізгі әдістерінің арасында оқу материалдарының мазмұны да, оқу іс-әрекетінің әдістері де анықталды, олар авторлық практикалық материалдарда көрсетілді.

Әдебиеттер тізімі

Терновская О.В. Мотивация студентов неязыковых вузов к изучению иностранного языка // Альманах современной науки и образования. – 2009. – №10. – С. 123–125.

Зимняя И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе: учебн. для вузов. –М.: Просвещение, 1991. – 222 с.

Рогова Г.В., Рабинович Ф.М., Сахарова Т.Е. Методика обучения иностранным языкам в средней школе. – М.: Просвещение, 1991. – 287 с.

Gardner R., Lamber W. Attitudes and motivation in Second Language Learning. – Mass.: Newbury House Publishers, 1972. – 313 p.

Gardner R., Lalonde R., Moorcroft R., Evers F. (1987) Second Language attrition: The role of motivation and use // Journal of Language and Social Psychology. – 1987. – Vol.6. – Issue I. – Pp. 29–47.

Минеева О.А., Ляшенко М.С. Исследование мотивации студентов неязыковых специальностей к изучению иностранного языка // Балтийский гуманитарный журнал. – 2018. – Т. 7. – №4(25). – C. 270–273.

Минеева О.А., Оладышкина А.А., Клопова Ю.В. Способы повышения мотивации студентов к изучению английского языка // Азимут научных исследований: педагогика и психология. – 2018. – №1(22). – С. 125–128.

Зимняя И.А. Педагогическая психология: учебник по педагогической психологии. – М.: Логос, 2004. – 384 с.

Рогова Г.В. Методика обучения иностранным языкам в средней школе: теоретико-практическое методическое пособие. – М.: Просвещение, 1991. – 287 c.

Clive Oxeden, Christina Latham Koenig, Paul Seligson. Elementary. Student’s Book. – Oxford university Press, 1997. – P. 160.

Шестакова Л.А. Теоретические основы междисциплинарной интеграции в образовательном процессе вузов // Вестник Моск. унив. им. С.Ю. Витте. Серия 3. – 2013. – №1(2). – С. 47–51.

Таукебаева Р.Б. Особенности создания иноязычной креативной среды в вузе // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2019. – №2 (112). – Б. 109–122.

Тамочкина Г.Г. Способы повышения мотивации на уроках иностранного языка // Молодой ученый. – 2017. – №49(183). – С. 411–412.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ