МӘДИНА ОМАРОВА ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ГОТИКА МӘСЕЛЕСІ
135 159
Кілт сөздер:
готика, мистикалық әдебиет, әдеби сын, қазіргі қазақ әңгімесі, тылсым, өрнек, жазушы Мәдина Омарова.Аңдатпа
Берілген мақалада жазушы Мәдина Омарованың әңгімесіндегі готика мәселесі қарастырылады. Батыс әдебиетіне тән готика стилінің қазақ прозасына өзіндік қазақы нақышпен қолтаңбаланып, синтез тұрғысында көрінгенін бұған дейінгі талдамаларға сүйеніп, жалғаспалы зерттеу ретінде талдап, ұсынамыз. Тақырыпты ашу үшін қазіргі қазақ әдебиеттану әдіснамасының авторды зерттеуге бағытталған және мифо-сын герменевтика әдісін, ұлттық және халықаралық шеңбердегі әдеби процесті зерделеу әдіснамасын қолданамыз. Аталған мәселенің теориялық негізделуін қазақ, орыс, ағылшын әдебиеттанушы еңбектерінен оқып, пайдаландық. Қазақ жазушысының шығармашылығындағы готика стилі Әділ Жакулаевтың «Қазіргі қазақ прозасындағы готикалық өрнектер» атты мақаласында талданған. Дәстүрлі қазақ әңгімелеріндегі мистикaлық бағыт, психологизм тармақтары жаңаша пайыммен зерттеле бастады. Бұл тақырып грант негізінде зерттелген жоба жұмысында көрінді. Дегенмен де жазушы Мәдина Омарованың әңгімелері арқылы неоготика стилін, оның көркемдік қызметін тану зерттемесі қажет деп білеміз. Бұны әңгіме тартысынан aнықтaу мақаланың міндеті болады. Оның себебі, қазақ қоғамында готиканың жанрлық сипатын беретін басқа әлемдегі күш, жағымсыз елес, жұмбақ тағдырлар, тағы басқа негіздері мистикалық тұрғыдан ауыз әдебиетінен таныс. Бірақ жаңа заманның кейіпкеріндегі ішкі тартысты осы готика стилінде сомдау жазушының қабілеттілігін және қазақ әдебиетіндегі жаңа бағытты көрсетеді. Жазушы М. Омарованың әңгімелерінен готика жанрының көркем эволюциясы сарапталады. Поэтикалық табиғаты талданып, мекеншақтық тұрғысы пайымдалады. Готиканың пассивті және активті элементін қазақ әңгімесінің көркемдік қызметінде aнықтaу жұмысы жүргізіледі. Қaзіргі қазақ әңгімесіндегі готикa мен ғылыми фaнтaстикa элементтерінің тоғысу үдерісі бaғaмдaлады.
Әдебиеттер тізімі
Омарова М. Ана ғұмыр: проза. – Алматы: «Жалын баспасы» ЖШС, 2009. – 128 б.
Омарова М. Қадір түні: проза. – Алматы: «Жалын баспасы» ЖШС, 2012. – 320 б.
Жакулаев Ә. Қазіргі қазақ прозасындағы готикалық өрнектер. [Электронды ресурс]. URL: https://adebiportal.kz/kz/news/view/20719 (қаралған күні: 15.10.2018)
Пірәлі Г. Қазіргі прозадағы Мәдинаның қолтаңбасы // Жұлдыз. – 2013. – №12. – Б. 135–141.
Мәмбетов Ж., Әбиханова Г. Мистиканың үзілмей жеткен арқауы. [Электронды ресурс]. URL: https://turkystan.kz/article/15086-misticanyn-uzilmej-zhetcen-arkauy/?ysclid=ldgyn2n1tl453542900 (қаралған күні: 20.10.2016).
Сағидуллиева С. Жас қаламгер, жаңалыққа талпыныс, жаңашылдық іздер. [Электронды ресурс]. URL: https://adebiportal.kz/kz/news/view/22097 (қаралған күні: 06.09.2019).
Ордабеков С. Жұмбаққа толы тылсым дүние // Қазақ әдебиеті. – 13.08.2018. – Б. 4.
Әсемқұлов Т. Готикалық прозаның басы. [Электронды ресурс]. URL: https://bilim-all.kz/article/17918-Lebizder?ysclid=la3elabhg7631987 (қаралған күні: 13.05.2022).
Байбол Ә. Қазіргі проза: жанр және стиль мәселелері. [Электронды ресурс]. URL: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/syn/63966/?ysclid=ld17qo9hah50605442 (қаралған күні: 07.12.2020).
Snodgrass Mary Ellen. Encyclopedia of the Gothic Literature: [the essential guide to the lives a. works of gothic writers]. – NY: Facts on file, 2004. – 480 p.
Ісімақова А. Жыл қорытындысы. 2019 жыл. Әдеби сын. [Электронды ресурс]. URL: https://www.facebook.com/aigull.ismakova/posts/pfbid0kbPU8RqEdQyKSh3rg3wwNe2jYGSoPiz6EHS1mZN7AEqpSQURbaCyqXTPEQeNgG25l (қаралған күні: 25.12.2020).
Ефимов А. Нигилизм и готика. Альманах. – М.: OOO «ПринтЛЕТО», 2022. – 496 с.
Заломкина Г. Готический миф. – Самара: Самарский университет, 2010. – 328 с.
REFERENCES
Omarova M. Ana gumyr: proza [Mother's life: prose]. – Almaty: «Jalyn baspasy» JShS, 2009. – 128 b. [in Kazakh]
Omarova M. Qadır tunı: proza [Night of Qadır: prose]. – Almaty: «Jalyn baspasy» JShS, 2012. – 320 b. [in Kazakh]
Jakulaev A. Qazirgi qazaq prozasyndagy gotikalyq ornekter [Gothic patterns in modern Kazakh prose]. [Electronic resource]. URL: https://adebiportal.kz/kz/news/view/20719 (date of access: 15.10.2018) [in Kazakh]
Pıralı G. Qazırgı prozadagy Madinanyn qoltanbasy [Madinah's signature in modern prose] // Juldyz. – 2013. – №12. – B. 135-141. [in Kazakh]
Mambetov J., Abihanova G. Mistikanyn uzılmei jetken arqauy [The unbroken rope of mysticism]. [Electronic resource]. URL: https://turkystan.kz/article/15086-misticanyn-uzilmej-zhetcen-rkauy/?ysclid=ldgyn2n1tl453542900 (date of access: 20.10.2016). [in Kazakh]
Sagidullieva S. Jas qalamger, janalyqqa talpynys, janashyldyq ızder [A young writer, an attempt at novelty, traces of innovation]. [Electronic resource]. URL: https://adebiportal.kz/kz/news/view/22097 (date of access: 06.09.2019). [in Kazakh]
Ordabekov S. Jumbaqqa toly tylsym dunie [A mysterious world full of mysteries] // Qazaq ädebietı 13.08. 2018. – B. 4. [in Kazakh]
Asemqulov T. Gotikalyq prozanyn basy [The beginning of Gothic prose]. [Electronic resource]. URL: https://bilim-all.kz/article/17918-Lebizder?ysclid=la3elabhg7631987 (date of access: 13.05.2022). [in Kazakh]
Baibol A. Qazırgı proza: janr jane stil maselelerı [Modern prose: problems of genre and style]. [Electronic resource]. URL: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/syn/63966/?ysclid=ld17qo9hah50605442 (date of access: 07.12.2020). [in Kazakh]
Snodgrass Mary Ellen. Encyclopedia of the Gothic Literature: [the essential guide to the lives a. works of gothic writers]. – NY: Facts on file, 2004. – 480 p.
Isımaqova A. Jyl qorytyndysy. 2019 jyl. Adebi syn [Results of the year. 2019 year. Literary criticism]. [Electronic resource]. URL: https://www.facebook.com/aigull.ismakova/posts/pfbid0kbPU8RqEdQyKSh3rg3wwNe2jYGSoPiz6EHS1mZN7AEqpSQURbaCyqXTPEQeNgG25l (date of access: 25.12.2020). [in Kazakh]
Efimov A. Nigilizm i gotika [Nihilism and Gothic]. Almanah. – M.: OOO «PrintLETO», 2022. – 496 s. (in Russian)
Zalomkina G. Goticheski mif [The Gothic Myth]. – Samara: Samarski universitet, 2010. – 328 s. (in Russian)