БИЛІК ЖӘНЕ ДАНАЛЫҚ ІЛІМІ

92 103

Авторлар

  • ДОСЖАН Р.А. Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
  • СМАЙЛОВ А.Б. Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті

Кілт сөздер:

ел басқару, білім, адамгершілік, даналық сөздер, ақыл-кеңес.

Аңдатпа

Орта ғасырлар мұсылман әлемінде, соның ішінде түркі халықтарында білім мен ғылымның қарыштап дамыған кезеңі болды. Діни ілімнің қанат жаюымен бірге саяси-әлеуметтік салаларда да көптеген ғылыми ойлар дүниеге келді, солардың қатарында ел басқару өнері де бар еді. Мақалада ел басқару ісіне қатысты Құран аяттары мен хадистерден мысалдар келтіріле отырып, Ислам дәуірінде жасап, артына өшпестей із қалдырған Ж. Баласағұнидың «Құтты білік» дастаны, А. Йүгінекидің «Һибат-ул хақайық» дастаны, Қайқауыс патшаның «Қабуснама» кітабы, әл-Фарабидің философиялық трактаттары, Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани хикмет», т.б. еңбектеріндегі ел басқару ісі және онымен тікелей сабақтасып жататын ақыл-парасат пен білім туралы мәселелерге талдаулар жасалады. «Құтты біліг» – қарапайым халықтан бастап патшаға дейін адамшылықтың, білімділіктің, ел басқару өнерінің қыр-сырын үйренуге болатын, мемлекетті гүлдендіруге жол сілтейтін даналық кітабы. Мұнда хан және оның қасындағы уәзір, сарай басшылары, қолбасшылар, елшілер сияқты ел басқару ісіне тікелей араласушылардың қандай дәрежеде болу керектігін олардың мінез-құлқымен, парасат, білімімен байланыстыра жырлайды. Ақын адамгершілікті, азаматтықты, имандылықты жеріне жеткізе жырлайды. Адамның қолы бақытқа жету үшін не керектің бәріне жан-жақты тоқталады. Әлеуметтік қоғамның қай саласын алсақ та, адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеудегі діннің көп ғасырлық қызметі көрініс береді. Ал осы қарым-қатынасты, сонымен қатар біз сөз еткелі отырған ел басқарудың үлгілерін де ислам дінінің қағидаларына негіздеуді дұрыс деп есептейді ғұлама ойшылдарымыз. Арада көп ғасырлар өтсе де, өзінің құндылығын сақтап келе жатқан бабалар тағылымы, өзегі үзілмеген құнды мұра ретінде қарастырылады және оның бүгінгі күн үшін де маңыздылығы әр қырынан сөз етіледі.

Әдебиеттер тізімі

Момынова Б. Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қатынастар: Оқу құралы. – Алматы: Арыс, 2009. – 160 б.

Баласағұн Ж. Құтты білік / Көне түркі тілінен аударған және алғы сөзі мен түсініктерін жазған А. Егеубаев. – Алматы: Жазушы, 1986. – 616 б.

Баласағұни Ж. Құтадғу білік / Басп. дайын. Құрышжанұлы Ә. – Түркістан: Тұран, 2004. – 555 б.

Құран Кәрім. 1-8-паралары. – Арабша транскрипциясы және қазақша мағынасы. – Алматы, 2010. – 328 б.

Йүгінеки А. Ақиқат сыйы. – Алматы: Ғылым, 1985. – 152 б.

Әзірет Сұлтан Құл Қожа Ахмет Иасауи. Диуани хикмет. – Алматы: Нұрлы Әлем, 2010. – 296 б.

Қабуснама. – Алматы: Қасиет, 2011. – 128 б.

Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар / Қазақшаға аудар.: Қ. Сағындықов, М. Жанғалин, М. Ишмұхамедов. – Алматы: Ғылым, 1975. – 419 б.

Құнанбайұлы А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т. 2: Өлеңдер мен аудармалар. – Алматы: Жазушы, 2005. – 336 б.

Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер / өңд. 3-бас. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2010. – 608 б.

Сахих хадистер. Таңдамалы, бірінші кітап. – Алматы: Көкжиек, 2003. – 224 б.

Назарбаев Н.Ә. Өзекжарды ойлар. – Алматы: Мектеп. – 172 б.

REFERENCES

Momynova B. Tіldegі jana bagyttar men tiptіk qatynastar: Oqu quraly [New directions and typical relationships in the language: a textbook]. – Almaty: Arys, 2009. – 160 b. [in Kazakh]

Balasagun J. Qutty bіlіk [Qutty bіlіk] / Kone turkі tіlіnen audargan jane algy sozі men tusіnіkterіn jazgan A. Egeubaev. – Almaty: Jazushy, 1986. – 616 b. [in Kazakh]

Balasaguni J. Qutadgu bіlіk [Qutadgu bіlіk] / Basp. daiyn. A. Quryshjanuly. – Turkіstan: Turan, 2004. – 555 b. [in Kazakh]

Quran Karіm [Quran]. 1-8-paralary. – Arabsha transkripciiasy jane qazaqsha magynasy. – Almaty, 2010. – 328 b. [in Kazakh]

Iүgіneki A. Aqiqat syiy [Aqiqat syiy/The gift of truth]. – Almaty: Gylym, 1985. – 152 b. [in Kazakh]

Azіret Sultan Qul Qoja Ahmet Iasaui. Diuani hikmet [Diwani Hikmet]. – Almaty: Nurly Alem, 2010. – 296 b. [in Kazakh]

Qabusnama [Kabusnama]. – Almaty: Qasiet, 2011. – 128 b. [in Kazakh]

Al-Farabi. Aleumettіk-etikalyq traktattar [Social and ethical treatises] / Qazaqshaga audar.: Q. Sagyndyqov, M. Jangalin, M. Ishmuhamedov. – Almaty: Gylym, 1975. – 419 b. [in Kazakh]

Qunanbaiuly A. Shygarmalarynyn ekі tomdyq tolyq jinagy. T. 2: Olender men audarmalar [A complete two-volume collection of his works. Vol. 2: Poems and translations]. – Almaty: Jazushy, 2005. – 336 b. [in Kazakh]

Jubanov Q. Qazaq tіlі jonіndegі zertteuler [Research on the Kazakh language] / oңd. 3-bas. – Almaty: Memlekettіk tіldі damytu instituty, 2010. – 608 b. [in Kazakh]

Sahih hadister. Tandamaly, bіrіnshі kіtap [Sahih hadiths. Selective, first book]. – Almaty: Kokjiek, 2003. – 224 b. [in Kazakh]

Nazarbaev N.A. Ozekjardy oilar [Core thoughts]. – Almaty: Mektep. – 172 b. [in

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-30