ҚОЛЖАЗБА ҚОРЛАРЫНДА САҚТАЛҒАН ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІН ТІЗІМГЕ АЛУ, ЖАРИЯЛАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

186 199

Авторлар

  • Б. ӘБЖЕТ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

ертегі, жанр, экспедиция, газет, қолжазба, араб, латын, кириллица, материал жинау.

Аңдатпа

Қазақ ертегілерін жинау, жариялау жұмыстары ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. Ресей империясы Қазақ даласын игере бастаған тұста әрқилы мақсатпен келген мемлекеттік қызметтегі түрлі мамандық иелері жер байлығын есепке алумен қатар, халықтың ауыз әдебиет үлгілерін де жазып алуға назар аудара бастаған. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ тілінде шығып, Қазақ даласына тарай бастаған «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті» секілді алғашқы басылымдардың беттерінде ел аузынан жазып алынған көптеген ертегілер жариялана бастаған. Орыс оқымыстыларымен қатар, қазақтар арасынан шыққан көзі ашық, сауатты адамдар да ертегілерді жинастыруды қолға ала бастаған. ХХ ғасырдың басы мен Кеңес үкіметі орныққан соң қазақ ертегілері бірнеше рет баспадан жарыққа шығып отырды. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен соң да көптеген ертегілер том-том болып басылып жатыр. Кейбір басылымдарда бұрын жарияланбаған ертегілерді тауып, кітапқа жаңадан енгізіп отырғандығы да белгілі болды. Соның өзінде де қазақ ертегілерінің қолжазба орталықтары мен кітапхана қорларында жинақталып қалған мол мұрасы бар екендігі анықталып отыр. Халықтың рухани мұрасы болып табылатын ертегілерді тауып оны қайта жариялау бүгінгі күннің негізгі өзекті мәселесі болып табылады. Автор өз мақаласында қазіргі кезде қолжазба қорларында араб, латын, кирилл әрпімен жинақталған қолжазбалар арасында әлі де жарыққа шықпай жатқан ертегілерді тауып жариялау қажеттігін, облыстық деңгейдегі архивтермен де жұмыс жасау қажеттігін сөз етеді. Халықтың рухани қазынасына назар аудару, ертегінің фольклортану ғылымындағы маңызы жайына тоқталады.

Әдебиеттер тізімі

Қасқабасов С. Алтын жылға. Зерттеулер мен мақалалары. – Алматы: Жібек жолы, 2010. – 576 б.

Қазақ фольклористикасының тарихы: (революцияға дейінгі кезең). – Алматы: Ғылым, 1988. – 432 б.

Сұбханбердина Ү. «Дала уалаятының газеті». 5-кітап. Мазмұндалған библиографиялық көрсеткіш. – Алматы: Ғылым, 1995. – 216 б.

Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – Алматы: Ғылым, 1984. –252 б.

Қазақ аңыз-ертегілері. – Пекин: Ұлттар баспасы, 2002. – 948 б.

Бабалар сөзі: жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2011. Т.73: Хайуанаттар туралы ертегілер. – 432 б.

Шетелдегі қазақ фольклоры: Монография / Жауапты ред. Б.У. Әзібаева. – Алматы: Eva Press, 2014. – 452 б.

Бабалар сөзі: жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2011. Т.74: Қиял-ғажайып ертегілер. – 432 б.

Бабалар сөзі: жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2011. Т.77: Сатиралық ертегілер. – 400 б.

Karagöz, Erkan. Masallarda Başlayış Formelleri: İdil-Ural (Tatar ve Başkurt) Masalları Örneği // Millî Folklor 128 (Kış 2020): 60–75.

«Дала уалаятының газеті». Әдеби нұсқалар / Құраст. Ү. Сұбханбердина.– Алматы: Ғылым, 1990. – 584 б.

Түркология институтындағы қолжазбалардың ғылыми сипаттамасы. 1-кітап. – Түркістан: Тұран, 2019. – 227 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ