М. ӘУЕЗОВТІҢ АЛҒАШҚЫ ӘҢГІМЕЛЕРІН ЖАҢАША ОҚЫТУ

106 180

Авторлар

  • А.А. АЗАТБАҚЫТ С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
  • А.М. КАРТАЕВА С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
  • А.Т. ТАМАЕВ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

жоғары мектеп, білім беру, әңгімені оқыту, мәтін талдау, әдіс-тәсілдер.

Аңдатпа

Мақалада төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат әдебиеті мен мәдениетінде танымал талантты жазушы М. Әуезовтің әңгімелерін оқыту арнайы сөз етіледі. М. Әуезовтің алғашқы әңгімелерінің көркемдік-идеялық ерекшелігін жоғары оқу орнында оқытудың жолдары қарастырылады. Жоғары мектепте жазушының әңгімелерінің көркемдік-идеялық ерекшелігін талдау арқылы студенттермен жүргізілетін оқытудың әдіс-тәсілдері ұсынылады. М. Әуезовтің жазушылық қырымен қатар, әдебиеттану ғылымындағы іргелі зерттеулері, ал ұстаздық жолындағы педагогикалық еңбегі, психологиялық, философиялық ой-тұжырымдарының маңызын сөз етеді. Сонымен қатар мақалада жоғары мектепте қаламгердің алғашқы әңгімелерінде көтерілген адамзаттық мәселені шешуде студенттермен жүргізілетін жұмыс түрлері қарастырылады. Жазушының алғашқы әңгімелері көркемдік-идеялық негізін, көтерген проблематикасын, характерді сомдаудағы шеберлігін жоғары оқу орнында оқытудың жолдары қарастырылады. Жоғары мектепте студенттерді оқыту барысында әңгімеге сюжеттік-композициялық талдау, кейіпкерлерін жан-жақты талдау, мәтінді меңгерту, әдеби талдау түрлерін жүргізе отырып, студенттерді танымдық жұмыстарға, зерттеу жұмыстарына жұмылдыру жолдарын көрсетеді. Автор жоғары оқу орындарында М. Әуезовтің әңгімелерін оқытуда студенттерді рухани тазалыққа, адамгершілікке, имандылыққа, оқырмандық қабілетін арттыруға жетелеудің тәрбиелік жағын көрсетеді. Қазіргі оқыту жүйесіндегі жазушының әңгімелерінің оқу-тәрбие үдерісіндегі маңызына тоқталады. Жазушы шығармашылығының жаңаша оқытылуы мен бүгінгі оқырманның қаламгердің туындыларын жаңаша қабылдауы, көзқарасы жайлы сөз етіледі. Сонымен қатар автор болашақ қазақ әдебиеті мамандарының ой-өрісін, шығармашылық қабілеттері мен өз мүмкіндіктерін дамытуда ұлттық құндылығымыз болып табылған көркем сөздің зергері, кемеңгер жазушы М. Әуезовтің мұрасының өміршеңдігін, құндылығын бағалауға жетелеу деген қорытынды жасайды.

Әдебиеттер тізімі

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Мұхтар мұрасы. Наследие Мухтара: Ғылыми мақалалар мен зерттеулер / Құраст.: Ш. Ыбыраев, С. Қорабаев. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 352 б.

Мұқанов С. Жазушы жолы. Кітапта: Мұхтар Әуезов тағлымы. Әдеби-сын мақалалар мен зерттеулер / Құраст. Р. Нұрғалиев. – Алматы: Жазушы, 1987. – 432 б.

Серғалиев М. «Қорғансыздың күні» – композициясы мен тілі // Абай. – 1997. – №2-3. – Б. 39-43.

Бердібай Р. Тарихи роман. – Алматы: Санат, 1997. – 336 б.

Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы: Қазақ. мемл. көркем әдебиет баспасы, 1959. – 480 б.

Әуезов М. Қилы заман. Повестер мен әңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1979. – 384 б.

Ақшолақов Т. Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту. – Алматы: Мектеп, 1975. – 180 б.

Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы: Рауан, 1997. – 288 б.

Бердібаев Р. Дәстүр тағлымы. Зерттеулер, мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1973. – 232 б.

Сманов Б. Кейіпкер бейнесін талдау. – Алматы: Рауан, 1990. – 88 б.

Тілешова С. М. Әуезовтің педагогикалық, психологиялық көзқарасы және оның творчествосын орта мектепте оқытудың методикасы. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институты, 1987. – 175 б.

REFERENCES

Muhtar murasy. Nasledie Muhtara: Gylymi maqalalar men zertteuler [Muhtar's legacy: Scientific articles and researches] / Qurast.: Sh.Ybyraev, S. Qorabaev. – Almaty: Qazaqstan, 1997. – 352 b. [in Kazakh]

Muqanov S. Jazushy joly. Kitapta: Muhtar Auezov taglymy. Adebi-syn maqalalar men zertteuler [Education of Mukhtar Auezov. Literary-critical articles and studies.] / Qūrast. R. Nurgaliev. – Almaty: Jazushy, 1987. – 432 b. [in Kazakh]

Sergaliev M. «Qorgansyzdyn kuni» – kompoziciasy men tili // Abai. – 1997. – №2-3. – B. 39–43. [in Kazakh]

Berdibai R. Tarihi roman [Historical novel]. – Almaty: Sanat, 1997. – 336 b. [in Kazakh] 5. Auezov M. Ar jyldar oilary [Thoughts of each year]. – Almaty: Qazaq. meml. korkem adebiet baspasy, 1959. – 480 b. [in Kazakh]

Auezov M. Qily zaman. Povester men angіmeler [Tough time. Novels and stories]. – Almaty: Jazushy, 1979. – 384 b. [in Kazakh]

Aksholakov T. Korkem shygarmanyn estetikalyq tabigatyn tanytu [Demonstration of the aesthetic nature of the work of art]. – Almaty: Mektep, 1975. – 185 b. [in Kazakh]

Bitibaeva Q. Adebietti oqytu adistemesi [Methods of teaching literature]. – Almaty: Rauan, 1997. – 288 b. [in Kazakh]

Berdibaev R. Dastur taglymy. Zertteuler, maqalalar [Traditional education. Researches, articles]. – Almaty: Jazushi, 1973. – 232 b. [in Kazakh]

Smanov B. Keyipker beinesin taldau [Character image analysis]. – Almaty: Rauan, 1990. – 88 b. [in Kazakh]

M. Auezovtin pedagogikalyq, psihologialyq kozqarasy jane onyn tvorchestvosyn orta mektepte oqytudyn metodikasy [Pedagogical and psychological views of M. Auezov and methods of teaching his work in high school]. – Almaty: Y. Altynsarin atyndagy gylymi-zertteu instituty, 1987. – 175 b. [in Kazakh]

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-29

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ