Жарияланымдарды беттеу жолдары мен басылымды шығару
118 138
Кілт сөздер:
беттеу, баспа басылымдары, дизайн, композиция, бет дизайны, макет, газет композициясы.Аңдатпа
Осыдан бірнеше ондаған жылдар бұрын адамдар газет оқудан ләззат алатын. Қызықты басылымды сатып алу үшін сатушыға соңғы тиынына дейін санап беруге даяр тұратын. Ол кезде газеттің форматы да, көлемі де басқаша еді, сыртқы сұлулығына – дизайнына оншалықты мән берілмейтін, қасаң, стандартты, сұрқай жарық көретін. Ұзын-сонар бағаналардан, салақұлаш мәтіндерден көз сүрінетін. Сөйтсе де басылым беттеріндегі жаңалықтардың көптігіне жұртшылық ерекше қызығатын. Қазіргі оқырманның көңілін табу оңай емес. Түрлі-түсті теледидар, радио, компьютер, әрқилы CD-МD-DVD ойнатқыштар,
ғарыштық, кабельдік телеарналар аудиторияны өздеріне баурап, мерзімді баспасөздің бәсекелес болуға шамасын келтірмей отыр. Десе де, газет-журнал редакциялары бәсекелестікке ұмтылып, оқырманның қажетіне жарау үшін түрлі жолдарды қарастыруда.
Әрине, оның ішінде басылымды тартымды етіп безендірудің өз орны бар екендігі даусыз. Газет дизайнері мен макетін құрастырушыны сәулетшімен не құрылысшымен, ал газет дизайнының негізгі элементтерін ғимарат салынып жатқан кірпішпен, яғни газет нөмірімен салыстыруға болады. Дизайнерлер мен терушілер осы құрылыстың жоспарын құрып жатқандай газет беттеу композициясын құрады – бағаналар мен жолақтардың құрамымен, материалдарды орналастырумен және т.б. Беттердің орналасуы газеттің бүкіл
композициясының құрамына байланысты болады. Ол өз кезегінде жарияланған материалдардың мазмұнымен және олардың сипатымен анықталады. Әрбір газетте тұрақты композиция бірте-бірте қалыптасады. Бұл осы басылымға тән беттердің дизайнын, негізгі
бөлімдер мен айдарларын білдіреді. Мақалада, міне, осы газеттер мен журналдарды беттеудің кейбір әдістері қарастырылған.
Әдебиеттер тізімі
Berkun, Scott. Making Things Happen, O’Reilly. – Cambridge, 2008. – 395 p. 2. Berman, David. Do Good Design. – Berkeley: Peachpit Press, 2008. –215 p.
Careri, Francesco. Walkscapes: Walking As an Aesthetic Practice; Gustavo Gili. – Barcelona, 2003. – 420 p. 4. Chimero, Frank. The Shape of Design. – Minnesota: Shapco Printing, 2012. – 260 p. 5. Dondis, Donis. A Primer of Visual Literacy. – Cambridge: The MIT Press, 1973. – 190 p. 6. Fletcher, Alan. The Art of Looking Sideways. – London: Phaidon Press, 2001. – 256 p. 7. Frutiger, Adrian. Signs and Symbols. – London: Studio Editions, 1989. – 115 p. 8. Hollis, Richard. Graphic Design. A Concise History. – London: Thames & Hudson, 1994. – 265 p. 9. Gibson, David. The Wayfinding Handbook. – New York: P.A. Press, 2009. – 230 p. 10. Glaser, Milton. Drawing is Thinking. – New York: Overlook Press, 2008. – 195 p. 11. Grau, Oliver. MediaArtHistories. – Cambridge: MIT Press, 2007. – 200 p. 12. Heller, Steven. The Education of a Graphic Designer. – New York: Allworth Press, 2005. – 315 p.
Henderson, Linda. The Fourth Dimension and Non-Euclidean Geometry In Modern Art. – Cambridge: MIT Press, 2013. – 240 p.
Сердәлі Б. Мерзімді баспасөз дизайны. – Астана: Фолиант, 2015. – 218 б. [Serdali B. Merzimdi baspasoz dizainy [Periodical press design]. – Astana: Foliant, 2015. – 218 b. [in Kazakh] 15. Hofmann, Armin. Graphic Design Manual: Principles and Practice. – Sulgen: Niggli, 2001. – 160 p.