АКАДЕМИК НЕМАТ КЕЛІМБЕТОВТІҢ ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

94 61

Авторлар

  • С. ИМАНБАЕВА Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

Сақ, ғұн, Түрік қағанаты, патриоттық рух, құндылықтар, қаһармандық дастандар, әдеби жәдігерліктер, көркемдік дәстүр, ұлттық идея, перзенттік парыз, «Қазақ елі – Мәңгілік ел» идеясы, интеллектуалды әлеует, ғылыми дүниетаным, ақыл-ой қабілеті.

Аңдатпа

Мақалада Немат Келімбетовтің Қазақстан педагогика ғылымының дамуына қосқан
еңбектері жан-жақты сараланып беріледі. Қазақ ұлтының ұлт болып қалыптасу кезеңі Түркі қағанаты тұсынан бастап ешкіммен салыстыруға келмейтін жоғары патриоттық рухта дамығанын ғылыми-зерттеу еңбектерінде нақтыланып берілген. Сақтар және ғұндар дәуіріндегі өмірге келген қаһармандық дастандардың бастап, қазақ хандығы құрылған кезеңге дейінгі ежелгі түркі әдеби жәдігерліктеріне көркемдік дәстүр негізінде талдау жасалған. Сақтардың қаһармандық, ерлік пен даналықты жыр еткен дастандарын Түркі жұртының тарихи жәдігері «Авестаны», «Алып Ер Тоңға», Томиристің ерліктерін зерттеуші ғалым екені, сақтар мен ғұндардың ерлік дастандарын, бертін келе Түрік қағанаты тұсында жаңа қоғамдық әлеуметтік жағдайға сәйкес қаһармандық дастандардың мазмұнына ғылыми талдаулар жүргізгені сараланады. Әл-Фараби, Қожа Ахмет Йассауи, Жүсіп Баласағұн, Абай,
т.б. мұраларын, халық ауыз әдебиетіндегі тарихы қилы-қилы заманда сол елді басқарған хандар, ел қорғаған батырлар өмірімен, қазақ халқының көне заманнан бергі негізгі рухани азығы, таусылмас қазынасы, мәдениеті, философиясы ауыз әдебиетін ұрпағына табыстаған бір тума ғұлама екені зерделенеді. Немат Келімбетов қайталанбас тұлға екені, оның мұралары «Қазақ елі – Мәңгілік ел» идеясын іске асыру бүгінгі жаһандандыру үдерісінде, ұлттық идеялардың әлемдік идеялармен өзара сабақтастыру жағдайында құнды пікірі ата салтымызды сақтауға, туған жер мен ел алдындағы перзенттік парызымызды ақтауға шақырады, жастардың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға негізделген іс-шаралар белсенді ойлау қызметінің
дамуын, негізгі құндылықтарды және осы заманғы ғылыми дүниетанымды қалыптастыру, олардың сана-сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой қабілеті мен білімге құмарлығын дамыту аса жоғары деңгейде іске асыруға қосқан үлес болып табылады. Ғалымның «Ұлыма хат» атты эссесі әкенің балаға деген өсиеті тұрғысынан берілген бүгінгі отбасын қалыптастыруға байланысты пайдаланатын негізгі тәрбие құралы болып табылатыны зерделенген.

Әдебиеттер тізімі

Тарихи тұлғалар. Танымдық көпшілік басылым. – Алматы: Алматыкітап, 2008. – 376 б.

Келімбетов Н. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. – Алматы: Мектеп, 1986. – 215 б.

Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Атамұра, 2005. – 336 б.

Келімбетов Н. Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері. – Алматы: Раритет,

– 432 б.

Келімбетов Н. Ежелгі әдеби жәдігерліктер. – Астана: Фолиант, 2004. – 480 б.

Иманбаева С.Т. Патриоттық тәрбие берудің теориясы мен әдістемесі: монография. –

Алматы: «ОНОН», 2017. – 350 б.

Заратуштра «Авеста» / Ауд. Стеблин-Каменский И.М. – М., 1993.

Абай. Қара сөздер. – Алматы: Ел, 1993. – 272 б.

Наурызбай Ж.Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 190 б.

Наурызбай Ж.Ж. Этнокультурное образование. – Алматы: Ғылым, 1994.

Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1985. – 560 б.

Тарақты Ақселеу. Ұлы дала тарихына шолу // Ана тілі газеті. 3 шілде 1992 ж. – Б. 7.

Тарақты Ақселеу. Қазақ әлемі. – Алматы: Білім, 1998. – 155 б.

Келімбетов Н. Үміт үзгім келмейді: Хикаят-монолог. Эссе. Көп томды шығармалар

жинағы. 1-том. – Алматы: Раритет. 2013. – 288 б.

Келімбетов Н. Қариялар. Көп томды шығармалар жинағы. 2-том. – Алматы: Раритет.

– 336 б.

Келімбетов Н. Күншілдік. Сұхбат-диалог. Көп томды шығармалар жинағы. 3-том. –

Алматы: Раритет, 2013. – 288 б.

Келімбетов Н. Қазақ әдебиеті бастаулары (Көркем дәстүр жалғастығы). Зерттеу. –

Алматы: Ана тілі, 1998. – 256 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ