МАҢҒЫСТАУДЫҢ САКРАЛДЫ КЕҢІСТІГІ: ЕРЕКШЕ ЭПИТАФИЯЛАР МАЗМҰНЫ
105 152
Аңдатпа
Мақалада Маңғыстаудың киелі орындарына жасалған экспедициялар кезінде Шақпақ ата жартастағы мешіті, Сейсем ата пантеоны, Қараман ата қорымынан табылған ерекше эпитафиялардың аудармаларының мазмұндық бөлінісі ұсынылды. Табылған тастағы жазбалардың тәржімалары бұған дейінгі зерттеу мен аударма нәтижесін жариялаған дереккөздермен салыстырылып, кейбір түзетулер жасалды. Эпитафияларда көтерілген мәселе мен ондағы ой-толғамдар жергілікті ақын-жыраулардың шығармашылығымен сабақтастырылып, ортақ дүниетанымның бар екені, олардың Ислам дінінің сопылық ағымы шеңберінде шектесетініне мысалдар ұсынылды. Зерттеу барысында кейбір қарапайым ұғымдардың қолданысы мен мәнісін бағамдай отырып, оларға басқа қырынан қарап, ғылыми мәселеге айналдыруға қатысты ұсыныстар жасалды. Әдебиеттанудың нысанына айналуға басты талап саналатын эпитафиялардың бірегейлігіне қатысты діни контекст ерекшелігіне сәйкес ережеден тыс айырмашылықтардың бар екендігіне назар аударылды. Шығыс халықтарының, әсіресе Ислам дініндегі халықтар эпитафиясын қарастыру кезінде дін қағидаттарын негізге алудың маңыздылығына мән берілді. Жинақталған эпитафиялардың мағыналық сипатына талдау жүргізіліп, кілт сөздерді назарға ала отырып зерделеу нәтижесінде табылған эпитафиялардың жазылу мақсаты мен көне және қазіргі кезде де өзінің сакралдылығын жоғалтпай тұрған кеңістіктегі ұлттық дүниетанымның діни негізіне сілтеме жасалды.