«УАҚЫТ» КОНЦЕПТІСІНІҢ ЦИКЛДЫҚ МОДЕЛІ (тарихи жыр мәтіндері негізінде)

141 156

Авторлар

  • Т.Б. КУЛЫНТАЕВА 1Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • ГҮРЕР ГҮЛСЕВИН Ege University, The Institute studying Turkish world

Кілт сөздер:

концепт, таным, уақыт, когнитивтік лингвистика, фольклор, көркем мәтін, циклдық уақыт.

Аңдатпа

Тілді когнитивті бағытта зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналды. Оның ішінде, тіліміздегі мол ақпарат қоры жинақталған фольклор мәтіндерін когнитивтік аспектіде қарастыру – сол халықтың таным-түсінігі, болмысы, тұрмыс-тіршілігі жайлы ақпарат алуға негіз болады. Себебі, тарихи жырлар – халқымыздың бай мұрасы жинақталған, тіліміздің байлығын танытатын ерекше жанрлардың бірі. «Уақыт» концептісі лингвистикада зерттеуді қажет ететін концепті. Себебі, «уақыт» концептісі әлемнің тілдік бейнесін бере алатын, негізгі концептілердің қатарына жатады. Ғылымда аталмыш концепті көптеген этностарға ортақ, әр халықтың ұлттық ерекшелігі мен тәжірибесіне, аялық біліміне байланысты ғаламның тілдік бейнесін жасайтын концепті деп танылады. Мақалада «уақыт» концептісін білдіретін тілдік бірліктер тарихи жыр мәтіндерінен алынып, уақыттың циклдық сипаты айқындалады. Лингвистикалық зерттеулерде «уақыт» концептісінің сипаттары көп кездеседі. Уақыттың циклдық, сызықтық сипаттары бар. Алайда, біз талдауға алған уақыттың циклдық сипаты ғылым дәлелдеген негізгі моделдерінің бірі болып саналады. Зерттеуімізде «уақыт» концептісінің циклдық сипаты халықтың дүниетанымымен, тұрмыс-тіршілігімен, дінімен байланыста екені дәлелденеді. Тарихи жырлардағы циклдық уақыт процестердің қайталануымен түсіндіріліп, жылдың төрт мезгілі, тәулік, күн, түн, таң, кеш секілді лексикалық бірліктерден құралатыны анықталды. Сонымен қатар, тіліміздегі «уақытты» білдіретін лексикалық бірліктер символдық мәнге ие болғаны мысалдар арқылы беріліп, дәлелдемелер келтірілді.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ