КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ ВАРИАНТТАРЫ
135 197
Кілт сөздер:
әліпби, араб сөздері, парсы сөздері, фонетикалық варианттар, орфография.Аңдатпа
Қазақ тіл білімінде әртүрлі нұсқада жазылатын сөздерді бірізділендіру –
өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Әсіресе, жарыспалы нұсқалардың көбі араб, парсы
тілінен енген сөздерде кездеседі. Жазу практикамызда бірнеше тұлғада жазылатын кірме
сөздердің болуы – тілтанушылар арасында әлі шешімін таппаған мәселелердің бірі болып
қала береді. Осыған орай біздің зерттеуіміздің мақсаты – бір мағынадағы әртүрлі нұсқада
жазылатын араб, парсы сөздерінің қолданылу себептерін анықтау және латынграфикалы
жаңа әліпбиге көшу барысында негізгі нұсқасын белгілеуге талпыныс жасау.
Түрлі нұсқада жазылатын сөздердің көбі қазіргі әдеби тіл мен диалектілер арасында
жүретіні белгілі. Тіліміздің диалектілерінде кездесетін дыбыс алмасу құбылысының қай
түрін алсақ та, олардың бәрінің арғы төркіні жалпы түркі тілдерінің фонетикалық дыбыстық
алмасулармен астасып, сабақтасып жататының байқаймыз. Сондықтан мақалада дыбыс
алмасу процестері көне және орта түркі жазба ескерткіштер қолданысынан бастап, қазіргі
түркі тілдеріндегі ауыс-түйіс ерекшеліктері талданады. Басым нұсқасын анықтау үшін
«Қазақ әдеби тілінің үлкен түсіндірме сөздігі» негізінде б/п, п/ф жарыспалы қолданысына
лингвостатистикалық зерттеу жүргізіледі. Бұл жұмыстың нәтижесі кірме сөздердің
орфографиялық нормасын тұрақтандыруға және түрлі сөздіктер әзірлеуде қажетті
тілтанымдық ақпарат бола алады.