2020 ЖЫЛЫ ОТЫРАР ҚАЛАЖҰРТЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
97 76
Кілт сөздер:
Отырар қалажұрты, Қазақ хандығы, Орта Азия, Сырдария, ортағасыр, ортағасырлық қалалар, кесене.Аңдатпа
Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық ірі орталықтардың бірі болған Отырар қалажұрты, ерте заманнан-ақ ғылымы мен мәдениеті, сауда өндірісі, егіншілігі және мал шаруашылығы қатар дамыған Қазақ хандығының маңызды қалаларының бірі болды. VІ–VІІІ ғасыр аралығында Отырар қалажұрты Сырдарияның орта шеніндегі ірі феодал иелігінің астанасы болса, ІХ–ХІІ ғасырларда аймақтың бас қаласы, ХІІІ–ХV ғасырларда саудасы экономикасы дамыған Орта Азиядағы ірі қалалардың бірі, ал ХVІ–ХVІІІ ғасырларда Қазақ хандығының саяси және экономикалық орталығына айналды. Отырардың Қазақ хандығы тұсындағы құлыс қабаттары әлі де болса зерттеуді қажет етеді. Осы себепке байланысты, Отырар қалажұртының Қазақ хандығы тұсындағы рөлі мен маңызын, материалдық мәдениетін анықтау мақсатында «Қазақ хандығының қалалары: саяси, экономикалық және мәдени өмірдің орталықтары» тақырыбындағы жоба аясында, Отырар қалажұртының шахристан бөлігінде археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғылыми айналымға енгізуді жөн санадық. Мақалада Отырар қалажұртының зерттелу тарихына, Отырар атауының пайда болу тарихына және 2020 жылы аталмыш қалажұртта жүргізілген археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне тоқтала отырып, қалажұрттың Қазақ хандығы тұсындағы маңыздылығы және XIV–XV ғғ. архитектуралық ерекшелігі анықталды.
Әдебиеттер тізімі
Қожа М. Ортағасырлық Отырар: аңыздар, деректер, зерттеулер. – Түркістан: «Тұран» баспаханасы, 2006. – 238 б.
Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар (топография, стратиграфия, перспективы). – Алма-Ата: Издательство «НАУКА» Казахсой ССР, 1972. – 213 с.
Байпаков К.М., Воякин Д.А. Оңтүстік Қазақстан облысы, тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Отырар ауданы. – Алматы: Баур, 2007. – 424 б.
Байпаков К.М. Ежелгі және ортағасырлардағы Отырар. – Алматы: Қазығұрт, 2007. – 248 б.
Ақылбек С.Ш. Отырар қамалдары // Отырар мұралары мәдени-танымдық, ғылыми-көпшілік журналы. – 2013. – №2 (3). – Шымкент: Жебе дизайн. – Б. 13–20. 6. Абусеитова М Х. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. – V том. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 440 б.
Байпаков К.М., Авизова А.К. Тамгообразные знаки на керамике с памятников Отрарского оазиса доарабской эпохи // Поволжская Археология. – 2017. – №3 (21). – С. 142–155.
Бурнашева Р.З. Денежное обращение в городах Южного Казахстана в XV–XVIII вв. –Туркестан: Тұран, 2006. – 253 с.
Байпаков К.М., Алдабергенов Н.О. Отырар алқабы. – Алматы: Баур, 2005. – 256 б.
Ажигали С.Е. Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало-Каспийского региона). – Алматы: Ғылым, 2002. – 650 с.
Пугаченкова Г. Зодчество в Центральной азии. ХV век. – Ташкент: Издательство литературы и искусства им. Гафура Гуляма, 1976. – 115 с.
Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Отрар в XІII–XV веках. – Алма-Ата: Наука, 1987. – 256 с.
Мүсірепов Ғ. Ұлпан. Таңдамалы шығармалар. ІІІ том. – Алматы: Жазушы, 1980. – 592 б.
Ерзакович Л.Б., Нурмуханбетов Б., Ордабаев А. Подземное погребальное сооружение в Туркестане. Археологические исследования в Отраре. – Алма-Ата: Наука, 1977. – C. 59–72.