ТАРИХИ КӨШ ЖОЛДАРЫНДА ТАҢБАЛАНҒАН ТОПОНИМДЕР (Сарыарқа өңірі материалдары негізінде)

155 124

Авторлар

  • А. ЖАРТЫБАЕВ Орталық Қазақстан академиясы

Кілт сөздер:

тарихи топонимдер, көші-қон жолдары, этнотопонимдер, ру-тайпалар, этногенездік тұрақтылық.

Аңдатпа

Мақалада Орталық Қазақстан өңірі, яғни Қарағанды, Жезқазған аймақтары арқылы өтетін тарихи көш жолдары тарихи-географиялық материалдар мен жеке авторлардың еңбектерінің негізінде анықталып, көші-қонға байланысты топонимдердің ру-тайпалардың атымен байланысты қойылған этнотопонимдер болып келетініне көз жеткізеді. Көнекөз қариялардың сөздері мен кейбір тарихи мәліметтерге сүйенсек, Орталық Қазақстанға қазіргі негізгі тұрғындар шамамен XVIII ғасырдың басында осы көш жолдармен қоныс аударған әрі ол қоныс аударудың басында әйгілі Қаз дауысты Қазыбек би болғандығы туралы да мәліметтер бар. Орта жүз руларының оңтүстіктен орталық, орталық-солтүстік өңірлеріне Бетпақ арқылы көшіп-қонуы сол кездегі дала жолдарын ұтымды пайдаланудың арқасында жүзеге асқан. Ол кездегі дала жолдарынан бізге белгілісі үш жол: 1. Хан жолы; 2. Сарысу жолы; 3. Кендірлік жолы. Мақалада осы тарихи жолдар мен жол бойында таңбаланған топонимдердің қойылу себептері мен тарихы сөз болады. Талдау материалы ретінде орта жүз (арғын, найман), кіші жүз (тама, алшын, жағалбайлы) және қожа, қырғыз топтарының көші-қон үдерісінің тарихи-саяси, әлеуметтік-экономикалық факторлары талданады. Мақала соңында ороним, гидроним, этноним және топонимдердің өзгеріссіз жеткендігі – ішкі көші-қонның болғанына үш ғасырдай уақыт өтсе де, Қазақстанда қаншама тарихи-саяси, қоғамдық-әлеуметтік өзгерістер болса да бұл этногенездік-географиялық тұрақтылықтың дәлелі деген түйінге келеді.

Әдебиеттер тізімі

Жаңаарқа ауданының тарихы. – Қарағанды: ТОО «Санат» баспасы, 1999. – 275 б.

Омари Ж. Қаз дауысты Қазыбек би. – Астана: Фолиант, 2000. – 317 б.

Известия императорского русского географического общества. – Т.18. – Вып. 4. – 1882. – 256 с.

Көпеев М.Ж. Екі томдық шығармалар жинағы. – Т 1. – Алматы: Ғылым, 1992. – 222 б.

Насенов Б. Абыралы – Сарыарқаның кіндігі. – Новосибирск, 2002. – IV том. – 613 б.

Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1985. – 560 б.

Красовский М. Область Сибирских киргиз. . – Ч. I. – СПБ, 1868– 387 с.

Қазақ шежіресі (үш тараудан жиналған жинақ). – Целиноград: Қаламгер, 1991. – 92 б.

Сейдімбеков А. Қазақ әлемі. – Алматы: Санат, 1997. – 464 б.

Маргулан А.Х. Бегазы-дандыбайская культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата, 1979. – 337 с.

Куанганов Ш.Т. Арий – гунн сквозь века и пространство: свидетельства, топонимы. – Астана: Фолиант, 2001. – 252 с.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ