ХАН ОРДАСЫНДА 2020 ЖЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
150 194
Кілт сөздер:
Ескі Түркістан, Хан Ордасы, қазба, кесік, керамика.Аңдатпа
Ел мен жер – қазақ халқының рухани-мәдени және тарихи құндылықтарының арқауы, ұлттық бірегейлік пен мемлекеттік тұтастықтың негізі. Түркі алықтарының рухани астанасы, қасиетті де құтты мекені – Түркістан өңірінің тамырлы тарихы ұзақ жылдар бойы зерттеліп келеді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, Түркістанның тарихы сонау ерте кезеңнен бастау алатындығы анықталды. Оның мұрағаты – тарихи-мәдени ескерткіштер болып табылуда. Ал бұл тарих пен мәдениеттің өте нәзік куәсі және құжаты. Сондықтан да тарихи-мәдени ескерткіштерімізді зерттеудің нәтижесінде өткен тарихымыз бен мәдениетімізді өскелең ұрпаққа және әлемге таныта аламыз. Сонымен қатар, бүлініп жатқан тарихи-мәдени ескерткіштеріміздің жай-күйін жақсарта отырып, келешек ұрпаққа сақтап, мұра етіп қалдыра аламыз. Осы мақсатта авторлар рухани астана – Ескі Түркістан қаласында орналасқан Хан Ордасында 2020 жылы жүргізілген археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдап, ғылыми айналымға енгізуді жөн санайды.
Мақалада Ескі Түркістан қаласында XVII–XVIII ғасырларда екі Хан Ордасы болғандығы және жазба деректерде олар жайлы келтірілген мәліметтер баяндалады. Хан Ордасының орнын анықтау мақсатында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері және 2020 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында анықталған мәдени қабаттар баяндалады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде анықталған мәдени қабаттардың XVIІ ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басына жататындығы анықталды.