Қазақстанда ағылшын тілін үйреніп жатқан студенттердің шет тіліне алаңдаушылығы

104 288

Авторлар

Кілт сөздер:

шет тілі алаңдаушылығы, тілдік алаңдаушылық, оқыту, ағылшын тілі, әдебиет.

Аңдатпа

Шетел тілін оқитын студенттердің едәуір бөлігі оқу барысында белгілі бір
кезеңде алаңдаушылықты бастан кешіреді. Қазақстан үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын)
міндетті түрде меңгеретін көптілді ел, сондықтан бұл студенттердің сабақ барысында
олардың оқу үдерісі мен оқу үлгеріміне айтарлықтай әсер ететін қандай да бір
алаңдаушылықты сезінуіне байланысты сұрақтар тудырады. Аталмыш мақаланың мақсаты
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің шетел филологиясы және аударма ісі мамандығының 3 және 4-курстарында
оқитын студенттердің шет тілі сабағындағы алаңдаушылық деңгейін зерттеу. Алаңдаушылық
деңгейін тексеру үшін зерттеу Шетел тілі сабағындағы алаңдаушылық шкаласы (FLCAS)
көмегімен 314 студенттен (266=әйел адам, 48=ер адам) онлайн сауалнама тапсыру арқылы
жүргізілді. Зерттеудің нәтижелері студенттерде алаңдаушылықтың қалыпты деңгейін
көрсетті, бұл студенттер мен оқытушыларға ұлттың мәдени аспектілері әсер еткен болуы
мүмкін деген болжам жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, алаңдаушылықты төмендететін
студенттер мен оқытушылар арасындағы өзара сенім болуы да мүмкін деген тұжырымдама
ұсынылды. Сонымен қатар студенттер оқуға құштар және ағылшын тілінде сөйлейтін
адамдармен араласуды асыға күтеді. Бұл деректер мәдениеттің, әріптестердің қолдауының
және дұрыс оқу бағдарламаларының, сондай-ақ мұғалімдердің үздіксіз қолдауы мен
қатысуының маңыздылығын растайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ