МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫНДА САЛУ ЕСЕПТЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

129 615

Авторлар

  • Э.А. ТУРСЫНКУЛОВА М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті https://orcid.org/0000-0002-9431-9340
  • Р.Е. ПРАЛИЕВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

мектеп геометриясы, геометрияны оқыту әдістемесі, салу есептерін шығару әдістері, есеп шығару кезеңдері.

Аңдатпа

Салуға берілген есептер – геометрия курсының негізгі материалдарының бірі. Геометрия курсындағы салу есептері теориялық материалды оқытуда үлкен маңызға ие, өйткені олар оқушыларға геометриялық образдар арасындағы қатынастарды терең түсінуге мүмкіндік береді. Анықтамаларды тұжырымдау, теоремаларды дәлелдеу кезінде, мүмкін болған жағдайда, геометриялық салуларды қолдану – бүкіл сыныптың белсенділігін арттырып, материалды игерудің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз етеді.
Салу есептерін шығару үдерісінде оқушылардың кеңістіктік түсініктері мен конструктивтік дағдылары дамиды, яғни қандай да бір берілген элементтері бойынша ізделінді геометриялық фигураны салу жолдарын жан-жақты талқылай отырып, осы фигураны салу бойынша ойша конструктивті операциялар жүргізе алу дағдылары қалыптасады. Сондай-ақ, әрбір есептің шығарылуы геометриялық фигураларды салумен қатар, оны алдын-ала талдау, есеп шешімінің дұрыстығын дәлелдеу және шешімін зерттеу кезеңдерінен тұратындықтан, оқушылардың білімдерін жүйелеу мен тиянақтауда үлкен рөл атқарады.
Дегенмен, мектепте геометрия курсын оқытуда салу есептерін оқытудың қажеттілігі мен оның оқу-әдістемелік әдебиеттер, дидактикалық материалдар, қолданбалы ақпараттық ресурстар және т.б. жеткіліксіз қамтамасыз етілуі арасында қарама-қайшылықтың болуы, геометриялық салу есептерін оқыту мәселесінің өзектілігін анықтайды.
Бұл мақалада планиметрия курсындағы салу есептерін оқыту үдерісінде кездесетін мәселелерді анықтай отырып, оларды шешудің ғылыми-әдістемелік ұсыныстары берілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ