ДДСҰ салауатты өмір салты шкаласының қысқаша түрін ЖОО студенттеріне негізделген қазақша нұсқадағы валидтілігі мен сенімділігін анықтау

192 192

Авторлар

  • Б. Ермаханов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті https://orcid.org/0000-0003-1203-2280
  • Б. Баймуханбетов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

Қазақстан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, жоғары оқу орны, студент, салауатты өмір салты, валидтілік (жарамдылық), сенімділік.

Аңдатпа

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) өмір сүру сапасын
адамдардың мақсаттары, үміттері, стандарттары мен мүдделеріне байланысты олар өмір
сүретін мәдени жүйелер мен құндылықтар контексіндегі өмірдегі орнын қабылдау ретінде
анықтайды. Көптеген зерттеулерде өмір сүру сапасы – бақыт, қанағаттану, үйлесімділік
ретінде анықталады. Сонымен қатар аталмыш ұғым өмірге ризашылық, өмірден қанағаттану,
және бақыттың синонимі ретінде қолданылады.
Бұл зерттеудің мақсаты – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өмір сүру сапасы
шкаласының (WHOQOL-Bref) қысқаша формасын қазақ тіліндегі нұсқасының валидтілік
(жарамдылық) мен сенімділігін анықтау. Осы мақсатта зерттеуге 509 студент өз еркімен
қатысты, оның ішінде 208 ер адам (40,9%) және 301 әйел (59,1%). Шкала 27 сұрақтан және 5
қосалқы өлшемнен (жалпы денсаулық, физикалық жағдай, психологиялық жағдай,
әлеуметтік қатынастар, қоршаған орта) тұрады.
Мәліметтерді талдау барысында шкаланың құрылымы үшін дәлелдеуші фактор анализі,
сәйкестігін анықтау мақсатында Альфа Кронбах сенімділікті анықтау анализі қолданылады.
Дәлелдеуші фактор анализінің қорытындысында, сәйкестік индексінің мәндері
x2/sd(x2=936.08, sd=289)=3.23, GFI=0.88, CFI=0.86, NFI=0.80, RMSEA=0.66, SRMR=0.52,
RMR=0.47 ретінде анықталды. Ішкі сәйкестік коэффициенттері 0,60 пен 0,90 аралығында
өзгеретіні анықталды.
Ғылыми зерттеу нәтижесінде, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы салауатты өмір
салты шкаласының қысқаша түрінің (WHOQOL-Bref) қазақша нұсқасы өлшеудің жарамды әрі
сенімді құралы ретінде анықталғандығын айтуға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ