СІБІР ХАНДЫҒЫНЫҢ ОТАРЛАНУЫНА ЖАҢАША КӨЗҚАРАС НЕМЕСЕ ТАРИХИ ТОПОНИМДЕР НЕ ДЕЙДІ

155 217

Авторлар

  • Б. БИЯРОВ С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

Сібір хандығы, Ресей, Ермак, Көшім, Қазақ жері, казактар, остяк, вогул, топонимдер, этимология.

Аңдатпа

Мақалада ХV ғасырдың екінші жартысында Батыс Сібір аумағында құрылған Сібір хандығының Ресей тарапынан отарлануының кейбір қырлары жаңа көзқарас бойынша ашылады. Ермак жасағынан бұрын ресейліктердің Орал тауынан аспағанын, ол жерде сібірліктер мен түркі тайпаларының ежелден тұратындығы тарихи топонимдер арқылы дәлелденеді. Сонымен бірге, автор Ермак жасағының жорығын басқыншылық деп танып, оны пайдалану Ресей сияқты державаға лайық әрекет емес еді деп бағалайды.
Мақалада Сібір хандығының тәуелсіздігі үшін өмірінің соңына дейін ұлт-азаттық күрес жүргізген Көшім ханның тарихтан лайықты бағасын ала алмай келе жатқаны атап көрсетіледі. Оның садақ, қылыш, найзамен қаруланған әскері зеңбірек пен мылтық оқтарына қарсы тұра алмауы заңды құбылыс еді. Соның өзінде Көшім хан өмірінің соңына дейін күресіп, кейін оның ұлдары жалғастырып, отарлау үдерісін ондаған жылдар бойы тоқтатып тұрды.
Мақалада Сібір хандығына қарасты жердегі макротопонимдерге этимологиялық талдаулар жасалған. Жекелеген тарихи топонимнің мағынасы туралы бұрыннан жазылып келген ғылыми пікірлерді келтіре отырып, автор өз тұжырымын да ұсынып отырады. Мұндағы топонимдердің этимологиялары угор немесе түркі тілдерінен ғана ашылатындықтан, бұл өлкені ежелден остяк, вогул және түркі халқтарының мекендеп келгені анықталады. Батыс Сібір, Шығыс Сібір, Қиыр Шығыс Ресейдің кейін отарлап алған жерлері екенін әр көзі ашық адам біледі.
Соңғы кездері Батыс Сібірді айтпағанда, кейбір ресейлік саясатшылардың «Қазақстанның солтүстік облыстары Ресейге тиесілі еді, ол жерлер Қазақстанға «сыйлық» болды» деген орынсыз, негізсіз айтылған пікірлеріне осы мақала жауап береді деуге болады. Орыстың көрнекті ғалымы Г. Потаниннің де, керісінше, «Сібір Ресейге сыйлық болды» деген тұжырымы бар.

Әдебиеттер тізімі

Большая Российская энциклопедия / Сибирское ханство. 30-том. – М.: Научное издательство «Большая Российская энциклопедия», 2015. – 767 с.

Миллер Г.Ф. Описание Сибирского царства и всех произошедших в нем дел от начала, а особливо от покорения его Российской державой по сии времена. – Спб., 1750.

Исхаков Д.М. Тюркско-татарские государства XV–XVI вв. – Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2004. – 132 с.

Кузембайулы А., Абиль Е.А. История Казахстана: Учебник для вузов. 8-е изд. перераб. и доп. – Костанай: Костанайский региональный институт исторических исследований, 2006. – 350 с.

Игибаев С.К. Историография истории Казахстана: Учебник, Изд-е 2-е, доп. – Алматы: Эверо, 2019. – 404 с.

Чарская Л.А. Грозная дружина. Повесть о покорений Сибири. – М.: Артос Медиа, 2006. – 309 с.

Шонанұлы Т. Жер тағдыры – ел тағдыры: Көмекші оқу құралы. 2-басылуы. – Алматы, Санат, 1995. – 224 б.

Татищев В.Н. История Российская. Т. 1. Ч. первая. – М., 2003. – С. 325–326.

Поспелов Е.М. Иллюстрированный атлас мира. География мира: новейший топонимический словарь. – М.: Русские словари, 2007. – 683 с.

Мурзаев Э.М. Словарь народных географических терминов. – М.: Мысль, 1984. – 653 с., ил.

Базылхан Б. Монгол-казах толь. Моңғолша-қазақша сөздік. – Улаанбаатар-Өлгий, 1984. – 885 б.

Сулейменов О.О. Тюрки в доистории. – Алматы: Атамұра, 2002. – 320 с.

Древнетюркский словарь (ДТС). – Л., 1969.

Розен М.Ф., Малолетко А.М. Географические термины Западной Сибири. – Томск: Том. ун-т, 1986. – 181 с.

Баскаков Н.А. Историко-типологическая фонология тюркских языков. – М.: Наука, 1988. – 64 с.

Малолетко А.М. Палеотопонимика. – Томск: Том. ун-т, 1992. – 228 с.

Фролов Н. Об истории географического названия Тюмень // Сибирское богатство. – 1999. – № 1. – С. 215–217.

Белич И.В. К этимологии, семантике и истории происхождения средневекового имени г. Тюмени // Вестник археологии, антропологии и этнографии (издание ИПОС СО РАН). – 2007. – №7. – С. 143–150.

Кошелов Д.Е. Неожиданные тюркизмы на карте Западной Сибири. В кн.: Aus Sibirien – 2019: научно-информационый сборник. – Тюмень: Изд. Тюменьского гос. унив., 2020. – 168 с.

Похлебкин В.В. Татары и Русь. 360 лет отношений в 1238–1598 гг.: Справочник. – М.: Международные отношения, 2000. – 192 с.

Ремезов С.У. Сибирские летописи. – Спб, 1907.

Матвеев А.К. Топонимия Урала: Монография. – Свердловск: Урал. гос. ун-т, 1986.

Фролов Н.Н. Русская ономастика и ономастика России. – М.: Школа-Пресс, 1994.

Қайыржан К. Сөз – сандық: Қазақтың көне сөздері. – Алматы: Өнер, 2013. – 480 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ