КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
144 399
Кілт сөздер:
композиция, тақырып, сюжет, образдар жүйесінің композициясы, композициялық тәсілдер, уақыт пен кеңістік композициясы.Аңдатпа
Мақалада көркем шығарманың жазылу тарихына қатысты материалдар мен негіздер анықталғаннан кейін олардың көркем мәтіндегі түзілімін, құрылуын, ұйымдастырылуын, орналастырылуын қарастыруға, яғни композициялық бітім, композициялық құрылым, архитектоника, сұлба, монтаж, конструкция, жүйе, структура сияқты ұғымдарға сүйене отырып, олардың мәтініндегі нақты бейнелену түрлерін саралауға болатыны нақты тұжырымдармен баяндалады. Көркем шығарманың сюжеттік құрылымы, әрбір образ, сурет, сәт, эпизод, деталь, портрет, пейзаж, ретордация, лирикалық шегініс, монолог пен диалог, жеке сөз – композицияны құрайтын көрнекі құралдар. Әдеби шығарманың композициясы – бейнеленген пән бірліктері мен тілдік-көркемдік амалдардың бірізді орналасуы мен сабақтастығы, шығарма элементтерінің байланыс жүйесі, белгі. Сюжет дегеніміз – шығармадағы адамдардың бір-бірімен байланысы, қарым-қатысы, күрес-тартыстары, шығармадағы оқиғаның дамуы. Ендеше оқиға қалай болса солай суреттелмейді, белгілі бір тәртіппен дамиды. Бір оқиға – себебі болса, екіншісі – оның нәтижесі. Композиция барлық шығармада болады, өйткені композициясыз шығарма көркемдік
қасиетінен айрылады. Композиция сюжеттен тыс нәрселерді де қиюластырады, яғни ол –
сюжеттен кең ұғым. Мақалада туындының құрылымын сатылай талдаудың тәсілдері мен
әдістері түсіндіріліп, мысалдармен талдау жасалады.