ҚҰРАН КӘРІМДЕГІ ҒЫЛЫМҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
95 105
Кілт сөздер:
ғылыми-физикалық талдау, ғарыштық ақпараттық-энергетикалық жүйе, ғылым салалары, хикмет, тәпсір, тағылым көзі, ғылым объектісі.Аңдатпа
Рухани тірегі мықты адамның да, халықтың да болашағы мол болатыны сөзсіз. Сондықтан да Құранды ғылыми тұрғыдан зерттеудің маңызы үлкен. Аталмыш мәселенің теориялық негіздері дінтану ғылымы мен дін философиясы тарихында, жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы ғылыми салаларда да өзекті болып саналады. Исламдық дүниетанымды гуманитарлық, жаратылыстану (физикалық) және т.б. ғылымдар тұрғысынан қарастыру жастардың дінді, Құранды догмалық құпия ілім деп түсінбей, ғылымның барлық салаларына тереңнен үңілуіне мүмкіндік береді және рухани саналы қоғам мүшесі болуына бастама болады.
Мақалада Исламның Кәусары болған Құран Кәрім – ғылымға, білімге, ілімге, тәрбиеге негізделген Илаһи кітап екені айтылады. Құранда ғылым салаларының барлығы да қамтылған: физика, астрономия, астрофизика, химия, биология, математика, медицина, экономика, педагогика, психология, эмбриология, геология, философия, мәдениеттану, жаратылыстану, дінтану және т.б. ғылым салаларының барлығын Құран Кәрімнен табасың. Демек, Құран ғылымның таусылмайтын қайнар көзі болып табылады. Ғылым мен техника дамыған сайын Құранның ақиқаты да дәлелденіп жатыр. Аталмыш мақалада Құран ғасырлар өтсе де құнын жоғалтпайтын, мұғжизасы таусылмайтын, бүкіл адамзат бақыты, берекесі үшін қайырлы, ақиқат кітап екені атап өтіледі. Сондай-ақ физика пәні мен Құрандағы қамтылған тақырыптардың, киелі сөздердің, аяттардың, дұғалардың байланысы сөз болады.
Әдебиеттер тізімі
Алтай Х. «Құран Кәрім» қазақша мағына және түсінігі. Шарапатты екі харамның қызметкері фаһд патшалығының шәриф баспасы. Һіжри 1412, мілади 1991 жылында басылды. – 604 б.
Ғылым тарихы мен философиясы. – Алматы: Рариент, 2008. – 362 б.
Хизметли С. Орта ғасырлар тарихы және өркениеті. – Алматы: ЖК Сагаутдинова баспасы, 2015. – 335 б.
Құнанбаев А. Қара сөздер. – Алматы: Көшпенділер, 2011. – 182 б.
Тәпсір түрлері. [Электронды ресурс]. URL: http:www.akikat.kz. 2015-10-08.
Хизметли С. Дінтану. – Алматы: ТОО Полиграфия-сервиз и К, 2010. – 152 б.
Кикоин И.К. Рассказы о физике и физиках. – Москва: Наука, 1986. – 154 с.
Ерматов С.Е. Барлаушы бөлшектер. – Алматы: Қазақстан, 1988. – 196 б.
Китайгородский А.И. Фотоны и ядра. – Москва: Наука, 1984. – 207 с.
ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2 қыркүйек 2019 жылы жария еткен «Сындарлы қоғамдық диалог Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы. [Электронды ресурс]. URL: http://www.akorda.kz.