Журнал туралы

«Ясауи университетінің хабаршысы» журналы университеттің құрылтайшылығымен ашылып, 1996 ж. 8 қазанында Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінде тіркеліп, №232 куәлік берілген. Индексі №75637.

Журнал 2015 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде қайта тіркеліп, №232-Ж куәлігі берілді.

Журнал 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Париж қаласындағы ISSN орталығында тіркелген. ISSN 2306-7365. е-ISSN 2664-0686.

Журналдың мерзімділігі: тоқсан сайын жылына 4 рет шығарылады. Таралымы 200 дана.

Журнал «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰМҒТСО) Қазақстандық дәйексөз алу базасында индекстеледі.

Журнал мақалалары CrossRef ДБ тіркеледі, әр мақалаға  DOI – объектінің цифрлық сәйкестендіргіші беріледі, ол электрондық құжаттарға сілтеме жасауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Сонымен қатар ғылыми басылым ROOTINDEXING және Directory of Research Journal Indexing Халықаралық ақпараттық ресурстарында индекстеледі.

Журналдың редакциялық алқа құрамында қазақстандық және шетелдік ғалымдар бар.

Журналға ғылыми мақалалар Қазақстан, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, сондай-ақ басқа да шетелдердегі барлық ұйымдардан төрт тілде (қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдерінде) қабылданады. Мақала журнал сайтында толық мәтінде 4 тілде орналастырылады.

Журналдың негізгі мақсаты – әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы өзекті зерттеулердің нәтижелерін жариялау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және университеттің ғылыми бағыттары бойынша ақпараттарды алмасу болып табылады.

Журналдың міндеті – соңғы жаңалықтардың қолжетімділігін және ашықтығын қамтамасыз ету; мақала тақырыбының зерттеу жұмысы мен оның мазмұнына толығымен сәйкес келуін қадағалау.

Журналдың тақырыптық бағыты – журнал материалдары филология және педагогика саласындағы түрлі тақырыптық бағыттарды қамтиды. Атап айтсақ, әдебиет теориясы, тарихы және әдебиеттанудың жалпы мәселелері, әдеби шығармаларды салыстырмалы талдау, тіл білімінің негізгі бағыттары, оны салыстырмалы талдау, жалпы және қолданбалы лингвистика, мамандарды даярлаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері, жалпы жоғары оқу орындарының инновациялық дамуы, инклюзивті білім беру, тәрбие әдістемесі, пәндерді оқытудың әдістемесі, электронды оқыту мен қашықтықтан оқыту және т.б. қарастырады.

Журналды шығару мерзімділігі

Журнал белгіленген мерзімде желілік (электрондық) және қағаз нұсқада жылына 4 рет (3 айда бір рет) шығарылады, атап айтқанда: бірінші нөмір ағымдағы жылдың 30 наурызға дейін, екінші нөмір – ағымдағы жылдың 30 маусымынаа дейін, үшінші нөмір – ағымдағы жылдың 30 қыркүйекке дейін және төртінші нөмір – ағымдағы жылдың 30 желтоқсанға дейін шығарылады.

«Ясауи университетінің хабаршысы» журналына мақала жариялау ақылы.

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің авторлары үшін (оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер, магистранттар, докторанттар) - 10 000 теңге.
  • Шетелдік авторлар үшін (жеке) - төлем алынбайды
  • Басқа мекемелердің авторлары үшін - 25 000 теңге.

Төлемақы «Халық банк» АҚ арқылы жүзеге асады. Төлемақы туралы түбіртек журнал редакциясының электронды мекен-жайына жіберілуі тиіс.

ХҚТУ реквизиті:

“Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті” Мекемесі

БИН: 990440008043, КБЕ 16

"Халық банк" АҚ

БИК: HSBKKZKX

ИИК: KZ436010291000010707

Мекен-жайы: Б.Саттарханов №29В

КНП 859